Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Шілде, 2019

4889

Тараз қаласында «Ару қала астана!» атты көрме өтті

Ағымдағы жылдың шілде айында «Ару қала астана!» атты еліміздің елордасы Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай өткізілген көрмеге қатысушы  мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерді марапаттау салтанаты өтті.

Көрмені өткізудегі басты мақсат өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін нығайту, ұлтаралық қатынастардың қазақстандық стандарттарын насихаттау.

DSC_0153.JPG

Көрмеге мүмкіндігі шектеулі балалар, зағиптар мен нашар көретін балаларға арналған "Болашақ", саңыраулар мен нашар еститін балаларға арналған "Мейірім" мектеп-интернаттарының, мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығының ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы топ тәрбиеленушілері қатысты.

Астананың әсем келбетін суреттеген 20 бала 34 жұмыс ұсынды. Олардың ең үздіктері көрме каталогына кірді. Балалардың түрлі-түсті суреттері олардың Астанамен кездесуден алған әсерлерінің ерекше екенін аңғартты.

"Ақ Орда", "Бейбітшілік пен келісім сарайы", "Бәйтерек", "Министрліктер Үйі", "Хан шатыр" сауда ойын-сауық орталығының ғимараты, көп қабатты тұрғын үйлер мен кешендер сияқты Нұр-Сұлтан қаласының ең танымал сәулет өнерінің озық үлгілерінің суреттері бүлдіршін қылқаламдарынан қағаз бетіріне түсірілген.

Барлық қатысушылар дипломдар, көрменің каталогтары және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Кейін қарай