15 Маусым, 2020
1613
Тараз: Ауылда тұратын тұрмысы төмен 12 отбасына ҚХА көмек көрсетті
Жамбыл облысының Сарысу және Талас аудандарында «Қайырымдылық керуені» ұлттық қайырымдылық компаниясы аясында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Қайырымдылық акция 4 бағыт бойынша ұйымдастырылды.
«Қазақстан өңірлеріндегі этносаралық жағдай» тақырыбындағы ғылыми сараптама қолдау бөлімі фокус-топқа арналған ГАЙДта ғылыми сараптама қолдау бөлімінің басшысы Альбина Тапаева жиналғандармен өңірдегі этносаралық ақуал, этноәлеуметтік жағдай және мемлекеттік этносаясат, өңірдегі этноконфессиялық жағдай тақырыптарында сауалнамалар жүргізіп, қорытындысында өңірдің этноэлеуметтік жағдайына ықпалы бар қандай факторлар назардан тыс қалғандығын, аталған жағдайларды жақсарту мақсатында ұсыныс тілектерді атап өтті.
Облыстық ҚХА аналар кеңесі аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің мамандарын тарта отырып, жергілікті этнос әйелдеріне қыз баланы оқыту, белгілі бір кәсіпке бейімдеу, халықтық қолөнер бұйымдарын жаңғырту арқылы кәсіпкерлікпен айналысу, мемлекеттік қайтарымсыз грант алу мәселелері түсіндірілді. Қатысушылар халықтың ұлттық қолөнерінің ұмытылып бара жатқанын айтып, күрді ұлтының нан пісіру, тоқыма өнерін жаңғыртуға қолдау көрсетуін сұрады.
«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі Хамида Тұрдиева еріктілердің жыл басынан бері атқарған жұмыстарына жан жақты талдау жасап, жастарды әрі қарай осы жұмысқа белсене қатысуға шақырды.
Жиын соңында ауылды жерлерде тұратын 12 тұрмысы төмен отбасына 320 мың тенгенің азық-түлік себеттерінен қайырымдылық көмек ұсынылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
вчера, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті