Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Желтоқсан, 2019

1665

Таразда Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

ҚР Президентінің «Бірге» сайлауалды бағдарламасы мен Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды ілгерілету және Жамбыл облысы ассамблеясының Аналар кеңесінің жыл бойы атқарған жұмысын қорытындылау негізінде аталған кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.


Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе ұйымдастыруымен өткен шараға облыстық этномәдени бірлестіктің Аналар кеңесі, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі, облыстық дағдарыс орталығының мамандары, оқу орындарындағы қыздар үйірмелерінің жетекшілері, жастар, отбасы мен қоғамдық жұмыстарды тең алып жүрген азаматшалар қатысты.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, шараның мақсаты – көп балалы отбасылар мен жастарды қолдау бойынша мемлекеттің жаңа шараларын түсіндіру, әрбір нақты аймақта отбасылық негізде шағын және орта бизнесті жүргізу үшін мемлекет ұсынатын мүмкіндіктерді қалай пайдалануға болатынын жеткізу, көп балалы және жас отбасыларды қолдау бойынша өңірде қолданылатын шаралармен таныстыру, аудандардағы аналар кеңесінің іс тәжірибесімен таныстыру болып саналады.

Кеңестің кеңейтілген отырысы аудандардағы Аналар кеңесінің қызметіне қатысты көрмемен басталды. Оған түрлі қолөнер бұйымдары қойылды.


Көрмеден кейін кеңес төрайымы Мухаббат Миражапованың төрағалығымен кеңестің пленарлық отырысы өтті.

Жиында облыстық ҚХА жанындағы налар кеңесінің есебі, аудандағы аналар кеңестерінің тәжірибесі тыңдалып, қарастырылды.


Кеңестің кәмелетке толмағандары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша полиция департаментімен бірлесе атқарған жұмыстары, жас отбасылардың ажырасуының алдын алу бойынша медиация мен облыс әкімі жанынан құрылған «Бастау» пилоттық жобасы аясындағы қайырымдылық жұмыстары сараланады. Сонымен қатар қаладағы жоғары және арнаулы оқу орындарының қыздар үйірмелерінің жетекшілері мен белсенді мүшелері өз пікірлері мен жастар проблемаларын ортаға салып, ой қозғады.

Жиын соңына қарай жыл бойы атқарған жұмыстары мен еңбектері үшін қызмет пен тұрмысты қатар алып жүріп қана қоймай, қоғамда белсенділік танытып жүрген аналар мен қыз-келіншектерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.


Марапаттау салтанатынан кейін «Біздің күшіміз – бірлікте!» атты этнофестиваль өтті. Онда өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері өз салт-дәстүрлерін көрсетіп, мәдениеттерімен таныстырды.

Кейін қарай