31 Мамыр, 2021
328
Таразда айтулы датаға орай бірнеше шара ұйымдастырылды
31 мамыр - ел үшін тағлымға толы тарихи күн. Айтулы сәтке орай, солақай саясаттың құрбанына айналған, қара халықтың басына түскен қасіретті күнді еске алу шарасының бастауы Тараз қаласындағы Ыбырайым Сүлейменов көшесінің бойындағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір сәт үнсіздікпен еске алумен басталды.
Нәубетті жылдарды еске алу шарасы ары қарай «Достық үйі» ғимаратында өткен «Болашақ үшін естелік» атты іс-шарасымен жалғасты. Шараның мақсаты жазықсыз жапа шегіп, «Тар жол тайғақ кешу» кезеңінде еліміздің егемендігі жолында жанын құрбан еткен азаматтардың рухына тағзым етіп, өнегелі іс арқылы өскелең ұрпақтың санасына, бойына отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерді сіңіру болатын.
Еске алу шарасы барысында тарих ғылымдарының кандидаты, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры Сейдахан Бақторазов, осы университеттің «Қазақстан тарихи» кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі Рахат Тобаджанов және облыс әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова сөз сөйледі.
«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Иманжановна өз сөзінде осынау атаулы датаның қаншалықты маңыздылығын, оның болашақ ұрпаққа қаз қалпында жеткізу біздің міндетіміз екенін ескерте келе бүгінгі күннің мереке емес саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қаншама халықтың тарихын, өткенін еске алу күні екенін ерекше атап өтті.
Еске алу шарасы соңында облысқа белгілі әншілер Әлішер Балтаев, Разия Нұржанова және «Жамбыл облысы немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Экатерина Щелкова туған жерге арналған әсем әндерін тарту етті.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
Алматы қаласында республикалық Достық үйі ҚХА 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді
-
«Килиманджаро» шыңы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай бағындырылды
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19