Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Маусым, 2021

265

Таразда Қазақстан мен Ресей халықтарының достығына арналған концерт ұйымдастырылды

Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде орналасқан Достық үйінің алдында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен облыстық «Радонеж» орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің «Қазақстан-Ресей мәңгілік дос» атты концерті өтті.


Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан бұл іс-шараның негізгі мақсаты - этносаралық қатынастарды нығайту және орыс этносының мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтау, төл мәдениетімен таныстыру болатын.

Кешке Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдері, Жамбыл облысы «Радонеж» орыс қауымдастығының мүшелері және оның серіктес ұйымдары, этномәдени бірлестіктер, өнер және мәдениет қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Мерекелік концерт «Радонеж» орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Владимир Сорокиннің жетекшілік етуімен «Калинка» ансамблінің «Вот избушка» әнімен басталып, «Үкілім-ай» би ансамблі бишілерінің қазақ биімен жалғасты. Сондай-ақ, кеште «Ляйсан тамчилары» вокалдық ансамблі, орыс халқының ұлттық аспаптарынан құралған «Русский наигрыш» оркестрі және шығармашылық топтағы Надежда Кадышева, Любовь Юргинцева, Евгений Белоголова, Валентина Туренко, Валентина Матвеева, Ахмат Сарбашев, Александр Крыгин, Лариса Есеналиева, Антонина Беляева өнер көрсетті. Көңілді кеш барысында облыстық «Айнұры» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің әншісі Рузалия Абдуганиеваның орындауындағы «Қазақ елі осындай» әні көрермендердің көнілінен шықты.

Концерт «Калинка» ансамблінің орындауында орыс халқының «Дорога» әнімен және Достық үйінің басшысы Парида Иманжанқызы мен этномәдени бірлестік өкілдерінің құттықтау сөздерімен аяқталды.

Кейін қарай