03 Маусым, 2019
3154
Таразда ерлі-зайыптылардың ажырасу санын азайтуды көздейтін отбасы Орталығы ашылды
Тараздың Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясы және облыстық соттың ұйымдастыруымен «Отбасы орталығы» ашылды.
Ашылу салтанатының рәсімін облыстық сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков, облыстық ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева өткізді. Аталған іс-шара отбасылық сот пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде іс жүзіне асырылуда.
Медиация кабинетінде осындай орталықты құрудың басты мақсаты – араздасқан отбасыларды татуластыру және отбасылық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ отбасылық жанжалдарды реттеу бойынша қызметтер кешенін көрсету.
Жамбыл облыстық сотының сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков облыстық Қазақстан халқы ассамблеясына осындай орталықты құруға мүмкіндік беріп, бірге жұдырық жұмылдыра жұмыс істегені үшін алғысын білдірді.
Сот алқасының төрағасы «Бұдан әрі орталықта отбасы-неке даулары бойынша сотқа дейін және соттан тыс реттеу институтын дамыту шараларының жүргізілетінін атап өтті. Алда мұндай іс-шараларға бітімгер-судьялар, медиаторлар, психологтар мен әлеуметтанушылар қатысады және олардың міндеті жанжал жасаушы ерлі-зайыптыларды татуластыру және ажырасу санын мейлінше азайту болып табылады»- дейді.
Сонымен қатар іс-шара барысында Жамбыл облысы Әділет департаментінің өкілі Ләззат Әбішева «Отбасылық сот» жаңа жобасымен таныстырып, АХАТ органдарына өтініш білдірген жас жұптарға тегін курс-тренингтерді ұйымдастыру, ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың жеке, мүліктік құқықтары мен міндеттеріне, алименттік міндеттемелерге, бала құқықтарына байланысты құқықтық кеңес беру мәселелері туралы айтып өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Шығыс Қазақстан облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Батыс Қазақстан облысы
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті