27 Қазан, 2021
356
Таразда этностардың дәстүрлерін таныстыруға бағытталған байқау өтті
Тараз қаласының «Қоғамдық келісім» КММ-де «Бірлік, достық татулық – ажырамас әніміз!» атты фестивалі өтті. Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты - этностардың дәстүрлерімен танысу.
Іс-шара қонақтарының арасында Жамбыл облысы ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова, Тараз қалалық Өзбек орталығының басшысы Абдырахман Зайнутдинов, Жамбыл облысы күрд этносы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әбдікәрім Сүлейманов және «Уникум» қоғамдық бірлестігі директорының орынбасары Любовь Шахова болды.
Аталған шараға № 4 орта мектеп және Панфилов атындағы №39 мектеп гимназиясының оқушылары, Жамбыл гуманитарлық, Жамбыл медициналық, Жамбыл индустриалды-техникалық колледждерінің білімгерлері бақ сынады. Барлығы бес команда ұсынылып, олардың әрқайсысы белгілі бір этностардың яғни, орыстар, өзбектер, грузиндер, дүнгендер, күрдтертердің салт-дәстүрлерін дүйім жұртқа әр қырынан көрсете білді.
Дүбірлі дода үш кезеңнен тұрды. Әуелі әр команда өз этносын таныстырып өтті. Екінші кезеңде олар дәстүрлерді көрініс ретінде көрсетті. Қорытынды кезеңде әр этностың шығармашылығы сынға алынды. Қазылар алқасы мен көрермендер назарына орыс, өзбек, күрд, дүнген халық билері мен грузин әндері алға тартылды.
Нәтижесінде Жамбыл медициналық жоғары колледжі мен № 4 орта мектеп топтары жеңімпаз атанды. Қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен құрмет грамотасы табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысының этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті