
08 Сәуір, 2021
23
Таразда «Ізгілік айы» акциясы басталды
Рамазан айының басталуына орай Жамбыл облыстық Достық үйінде «Қайырымды істер» марафоны жобасының аясында «Ізгілік айы» акциясының алғашқы қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Қасиетті айда «Жамбыл облысы тәжік этномәдени бірлестігінің» қолдауымен және Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді. Қайырымдылық шара барысында 20 отбасыға бір күндік ифтарға арналған арнайы азық-түлік толтырылған жәшіктерді Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова бастаған кеңес мүшелері таратты.
- Қайырымдылық - асыл қасиет! Қайырымдылық жасасаң, қайырын көресің дейді қазақ халқы. Адамға қол ұшын беру, жанашырлық таныту, көмек көрсетіп қолдау жақсылыққа жатады. Бүгінгі көмегіміз таза пейілмен, шын жүректен жасалған игі іс. Осындай көмек әрі қарай да жалғасын тапса деген ойдамыз, - деп атап өтті Тәжік этномәдени бірлестігінің төрайымы Лола Давлатова.
Ұқсас жаңалықтар
9 Сәуір, 18:43
Қордайдағы игі шара жалғасын тапты
8 Сәуір, 10:57
«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді...»
6 Сәуір, 15:05
Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы
8 Сәуір, 23:32
Өскеменде жастар этнофорумы ұйымдастырылды
9 Сәуір, 17:43
Қазақ халқының жанашырлығы мен бауырмалдығына алғыс айтудан ешқашан шаршамаймын