Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Қаңтар, 2022

27

Таразда ҚХА мүшелері «Өмір сыйла» акциясына қатысты

Жамбыл облысы Тараз қаласының қан орталығында «Өмір сыйла» қайырымдылық акциясы өтті. Оған Жамбыл облысы ҚХА «Ассамблея жастары» республикалық жастар бірлестігінің өкілдері, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.

«Ассамблея жастары» республикалық жастар бірлестігінің өкілі Мұса Арабов:

- Егер денсаулық мүмкіндік берсе, Сіз де донор бола аласыз. Адамдар бір-біріне көмектесуі керек. Қаныңызбен бөлісе отырып, сіз біреуге өмір сүруге мүмкіндік бересіз, - дейді.

«ҚХА әр түрлі төтенше жағдайларда көмек көрсету бойынша әрдайым алдыңғы қатарды бастап тұр» - дейді ҚХА мүшесі, қан орталығының директоры Гулам Умаров.

Айта кету керек, Қан орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, соңғы күндері қан орталығына 700-ге жуық адам келген . Қанның жарамдылық мерзімі бар және пациенттерге күн сайын қажет, сондықтан екі айда бір рет уақыт тауып, қан орталығына барған жөн.

Кейін қарай