03 Наурыз, 2021
622
Таразда медиацияның ашық есік күні өтті
Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің медиация кабинетінде Алғыс айту күніне арналған медиацияның ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шараға облыстық соттың судьялары, облыстық прокуратураның, әділет департаментінің, адвокаттар алқасының өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Жамбыл облыстық соттың судьясы Азамат Тілепов қылмыстық заңнамадағы сотқа дейінгі талқылау сатысындағы өзгерістермен бөлісті. Ол 2020 жылы 56 қылмыстық іс медиацияның араласуымен оң шешілгендігін жеткізді.
– 2020 жылы Жамбыл облысының соттары республикада татуластыру рәсімдері бойынша үшінші орыннан көрінді. Осы жылдың 1 шілдесінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (ӘРПК) қолданысқа енгізіледі, ол істерді қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін белгілеуге арналған. Онда мемлекеттік органдар екінші тарап ретінде әрекет етеді. ӘРПК бойынша татуластыру рәсімдері де (медиация) құпталатындығын ерекше атап өткім келеді, - деді татуластыру рәсімдері жөніндегі үйлестіруші, облыстық соттың судьясы Динара Нұрлыбаева.
Жамбыл облысы 2-бөлімшесінің прокуроры Теміржанов Мақсұт сотқа дейінгі тергеу органдарымен татуластыру рәсімдеріне қатысты қолданыстағы құқықтық актілерге енгізілген өзгерістермен бөлісті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы