25 Қараша, 2021
3096
Таразда Қордай күндері өтті
Үстіміздегі жылдың қараша айында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында облыс орталығы Тараз қаласында аудан күндерінің өткізілуі өте орынды бастама болды.
Жуырда өткен Қордай ауданының күні де өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. «Жүсіп Баласағұн» орталық концерт залының аумағы жәдігерлер, кітап көрмелері, қолөнер шеберлерінің бұйымдары, туған жерден түлеп ұшқан танымал тұлғалардың фотосурет галереясымен мерекеге сай безендіріліп, көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі қойылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыс та қыза түсті. Елімізге белгілі эстрада жұлдыздары мен жергілікті көркемөнерпаздардың концерті де жұртшылықтың көңілін бір серпілтіп тастады. Аталған шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері де айрықша атсалысты. Облыстық «Әулие Ата Қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Шаңырақ» қазақ қоғамдық бірлестігі, Қордай аудандық «Отечество» славяндар қауымдастығы, облыстық «Вынхуа» дүнгенгендер этномәдени бірлестігі, «Ахыска» - түрік, «Вайнах» - шешен-ингуш этномәдени орталықтары ұлттық ас мәзірлерін ұсынып, қала қонақтары мен Тараз тұрғындарына ән мен жырдан шашу шашты. Берекелі бірлік болған жерде мерекелі тірлік салтанат құрады. Қордай ауданының Тараз қаласындағы күні осы сөзімізді тағы бір мәрте дәлелдей түскендей.
Әрбір қазақстандықтың патриоттық сезімін оятар, татулықтың тұғырын нығайтар осындай өңірлік ассамблея іс-шаралары өскелең ұрпақтың тәрбиесіне оң септігін, зор септігін тигізеді деген үміттеміз.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
20 Маусым, 09:33
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
21 Маусым, 14:48