Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Желтоқсан, 2021

353

Таразда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев қатысуымен Таразда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Шара барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңір халқын, оның ішінде аймақтық ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестік өкілдерін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, облысымыздың жетістіктерін атап өтті. Егемендік алғалы еліміздің өркендеуі жолында жамбылдықтар да аянбай атсалысып келе жатқанын жеткізіп, өңірдің экономикалық, әлеуметтік жетістіктеріне тоқталды.


Мемлекеттік хатшы да өз кезегінде салтанатты іс-шара соңында Президент жарлығымен берілген мемлекеттік наградаларды әртүрлі салада ел мерейін асырып жүрген жамбылдықтарға тапсырды. Атап айқанда, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ҚХА мүшелері – Ғұлам Умаров, Махметғали Сарыбеков, Мұқаш Зұлқарнаев, Владимир Сорокин, Рамзан Магомадовтар және басқа да өңірдің бір топ азаматы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі, «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағы, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» атақ-белгілерімен марапатталды.

Сондай-ақ, жиында бірқатар азаматтарға «ІІI дәрежелі Барыс», «Парасат», «Құрмет», «ІІІ дәрежелі Еңбек даңқы» ордендері мен «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медалдері және ҚР Құрмет грамотасы сынды мемлекеттік белгілері табыс етілді.


Кейін қарай