15 Қыркүйек, 2021
579
Таразда этнос өкілдері арасында поэзия кеші өтті
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өңірдегі интеркультурализм қағидаттарын ілгерілету, оның ұстанымдарын насихаттау мақсатында және Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, түрлі этнос өкілдерінің жастары арасында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай – дана, Абай – дара қазақта» поэзия минуттарын өткізді7
Поэзия минуттарын өткізудегі мақсат - танымал ақындардың өмірінен мағлұмат беру, өлеңдерін мәнерлеп оқу, ақындар поэзиясының халыққа кең таралауына және оның шығармаларының сыры неде екенін таныту, ақындар өлеңдерін оқи отырып, адамгершілікке, шындықты айта білуге, адалдыққа, өлеңнен жақсы әсер ала білуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін дамыта түсу.Ерекше форматта өткен поэзия кешіне орыс, өзбек, түрік, түрікмен, әзірбайжан, ұйғыр этномәдени бірлестік өкілдерінің жастары қатысып, ұлы ақынның шығармаларын өз ана тілдерінде жатқа оқыды.
Іс-шараға қатысушы облыстық «Jambyl tv» телеарнасының қызметкері, Өскеменде өткен Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған этнос жастары арасындағы «Абай оқулары» республикалық байқауының 1 орын иегері, облыстық Ұйғыр этномәдени бірлестігінің өкілі Мухаббат Алеханова поэзия кешіне:
- Жастардың ұлттық поэзияны құрметтеуі, оның ішінде Абай шығармашылығына деген қызығушылықтары мен өлеңдерін өз ана тілдерінде мәнерлеп оқуы мені қатты таңырқатып отыр. Өзге тілдерде ақын шығармаларын тыңдау сондайлық қызық болды. Мемлекеттік тілді тез меңгерген маған, өзімнен кіші жастардың қазақ тілін білуге деген құштарлығымен қоса, өз ана тілдеріне деген құрметі мені өздеріне тәнті етпей қоймады. Таразда осындай жастардың өсіп-өркендеп келе жатқанына іштей риза болып, кеудемді қуаныш кернеді,- деп өзінің ыстық ықыласын білдірді.
Айта кету керек, поэзия минутына көптеген байқауда бақ сынап, мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктетіп жүрген жастар қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
сегодня, 17:05