Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Қазан, 2021

474

Таразда «Туған жерім – дархан далам» атты екі ауданның күндері өтті

Тараз қаласының туған күніне орай, Арбатта «Туған жерім - дархан далам» атты Жамбыл мен Байзақ аудандарының күндері өткізілді.

Іс-шараға Жамбыл аудандық «Ахыска» түрік, «Вынхуа» дүнген және «Барбанг» күрді этномәдени орталықтарының басшылары мен белсенді мүшелері қатысып, өздерінің ұлттық салт-дәстүрін таныстырып, ұлттық тағамдарын жиналған жұртқа ұсынды.

Бұған қоса, Арбат алаңында спорттық ойындар көрсетіліп, үздік қатысушыларға төсбелгі мен мақтау қағаздар табыс етілді. Сондай-ақ, аталған іс-шараға Байзақ ауданының этнос өкілдері де белсене атсалысты. Қазақ мәдени орталығының мүшелері ұлттық жабдықтармен көркемделген киіз үйді жұртшылық назарына ұсынды. Ілгерідегі аудандардан келген түрлі этностардан құралған шығармашылық топтар сахнада ұлттық киімдерімен өнер көрсетті. Киіз үймен қоса, қала қонақтары мен тұрғындары екі ауданның Өлкетану мұражайларынан әкелінген көне тұрмыстық заттарды, көркем суреттерді, тарихи артефактілерді тамашалады. Шара соңы жәрмеңкеге ұласты.

Кейін қарай