
06 Тамыз, 2021
596
Таразда құқықтық мәдениетті арттыру тақырыбында кездесу өтті
Жастар арасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай Жамбыл обылсы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім КММ ұйымдастыруымен облыстық ҚХА «Жаңғыру Жолы» жастар қозғалысы және этномәдени бірлестік жастарына арналған «Жастардың нысаналы топтары арасында құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Жамбыл облысы Әділет департаментінің бас маманы Абишова Ляззат, Жамбыл облысы заң консультанттары палатасының заң консультанты Светлана Кошелекова, «Азаматтық құқықтарды қорғау Комитетінің» басшысы Федорова Ирина, «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинеті менгерушісі, медиатор Досыбиева Валентина спикер ретінде шақырылды.
«Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде дамуы әрбір азамат бойына құқықтық құндылықтарды сіңіріп, құқықтық сананы қалыптастырудан көрініс береді. Өркениетті қоғам үшін қымбат қазына – адам, адамның бостандығы мен өмірі десек, бүгінгі жас ұрпақтың осы қымбат қазынаны бағалай білуі аса маңызды. Сол себептен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы да осыдан басталады»- деді Досыбиева Валентина. Спикерлер құқық қорғау мамандары жастарға осы қағиданы қалыптастыру үшін жүйелі де мазмұнды тәрбие қажет екенің жастарға түсіндірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті