30 Қараша, 2020
727
Таразда ұйғыр этносының ашық есік күні өтті
Тараз қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы және ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен ашық есік күні өтті.
Іс-шара жастарға ұйғыр этносының шағын мұражайы мен кітапханасына саяхат жасаумен басталды. Ұйғыр этномәдени бірлестігінің басшысы Мухабат Абдрахманқызы түркі ғалымы Махмуд Қашқаридың өмірбаяны және күллі әлемге белгілі «Диуани-лұғат ат-түрік» енбегінен хабардар етті.
Сонымен бірге, ҚХА-ның 25 жылдығына арналған дәрістер оқылып, «Жанғыру жолы» жастар қозғалысының «Қазақ тiлiмiз - ортақ тiл» тақырыбында баяндамалар жасалды.
Мухабат Абдрахманқызы кездесу барысында облыстық ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы өкілдерін алғыс хаттармен марапаттады.
- Биыл ел бірлігін бекемдеп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толып отыр. Облысымыздағы барлық этностардың, оның ішінде ұйғыр этносының шығу тегін, оның салт-дәстүр, тарихи әдет-ғұрыптарын және мемлекетіміздегі өмір сүру салтын, өскелең жас ұрпаққа үйретіп отыру, халықты татулыққа шақыру, жастарымызға бейбітшілігімізді қастерлетіп үйрету - біздің басты міндетіміз, - дейді орталық жетекшісі.
Жиын соңында Жамбыл облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева жастарды тұңғыш Президент күнімен құттықтады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы