27 Қазан, 2020
3618
Таразда әзірбайжан ұлтының салт-дәстүрін дәріптейтін этнос күні аталып өтті
Тараздағы Әзірбайжан этномәдени бірлестігі орталығында әзірбайжан ұлтының салт-дәстүрі мен мәдениетін дәріптейтін этнос күні аталып өтілді.
Іс-шарада дүйім жұртқа «Құда түсу» дәстүрі көрсетілді. Өз үйінен кеткелі жатқан қыздың белін қызыл жіппен ағасы байлайды және бағалы сыйлық уәде етеді. Тағы бір қызығы, күйеу жігітті қыздың жеңгелері ұрлап алып кетеді. Ал жігіттің жеңгелері барып, оны сатып алу керек.
Қалыңдық күйеу жігіттің үйіне келгеннен кейін, жиналған қонақтардың алдында бос табақты аяғымен сындырады. Әрмен қарай ән айтып, би билеп, сауық құрып думандатады.
Мерекелік жиында әзірбайжандардың ұлттық тағамдары да таныстырылды. Ерекшелігі сол, үйлену тойларда, салтанатты жиындарда тағамдарды ерлер әзірлейді, қонақтарға қызмет көрсету, тағам ұсыну және жинау жас жігіттердің міндетіне кіреді. Әзірбайжандарда «жингал» яғни ұннан дайындалатын тағамдар өте танымал. Сондай-ақ, сұйық тағамдардан әсіресе пити, кюфта-бозбаш, хамраши, көк шөп қосылған сүттен жасалған довга-суп ас үйдің көркіне айналған.
Жиын соңында, Жамбыл облыстық «Хазар» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Асабали Пойлиев сөз сөйлеп, келген қонақтарға алғысын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті