03 Маусым, 2016
971
«Тарихтан тағлым – өткенге тағзым»
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 31 мамырда саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 30 мамыр күні «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» акт залында «Тарихтан тағлым – өткенге тағзым» атты форум өтті.
Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткізілген форумға облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен мүшелері, облыстық этномәдени орталықтардың төрағалары мен белсенділері, белсенді жастар, саяси қуғын – сүргін құрбандарының ұрпақтары және Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері қатысты.
Форум барысында саяси қуғын – сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу рәсімі болды. «Тарихтан тағлым – өткенге тағзым» атты күштеп көшіру және қуғын – сүргінге ұшырағандарды еске алу, фото, мұрағат құжаттары, сурет көрмесі ұйымдастырылды. «Депортация народов в Казахстан в 30-50-е годы ХХ века. Общность истории» атты бейнефильм көрсетілді.
Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Келемсейіт, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы С.Сұрабалдинова, филология ғылымдарының докторы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің профессоры, ілиястанушы М.Иманғазинов, облыстық грек этномәдени бірлестігінің төрағасы Г.Иорданиди, әзербайджан этномәдени бірлестігінің төрағасы А.Осман, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жетекші журналистер клубының төрағасы, облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы А.Идигов саяси қуғын – сүргін құрбандары жайлы баяндамалар жасады.
31 мамыр күні поэзияның Құлагері атанған І.Жансүгіровтың ескеркішіне барып, Талдықорған қаласының әкімдігінің, Жетісу мемлекеттік университетінің ұжымы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ақсақалдар мен қала тұрғындары саяси қуғын – сүргін құрбандарына арналған гүл шоқтарын қойып, митинг ұйымдастырылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Таразда саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықтың құрбандарын еске алу кеші өтті
-
Ибрагим Салаховтың қазақ тіліндегі «Калыма қасіреті» кітабы конференция қатысушыларына табысталды
-
Нина Мисоченко: Қазақ халқының арқасында жер аударылғандардың барлығы жаңа отандарына ие болды
-
Атырауда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына монумент орнату ұсынылды
-
Қазақстан кәрістері Ақтауда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды
-
Талдықорғанда ҚХА жетекші журналистер мен сарапшылар клубының дөңгелек үстелі өтті
9 Қыркүйек, 12:24
Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Қазақ тілі – қазығым» байқауы өтті
9 Қыркүйек, 16:49
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасымен кездесуі өтті
10 Қыркүйек, 08:32
Қырғызстаннан келген делегация ҚХА-ның қазақстандық тәжірибесімен танысты
11 Қыркүйек, 17:08
Қазақстан халқы Ассамблеясы киберспортты қолдайды
13 Қыркүйек, 15:04
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» ҚБ төрағасымен кездесуі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Таразда саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықтың құрбандарын еске алу кеші өтті
-
Ибрагим Салаховтың қазақ тіліндегі «Калыма қасіреті» кітабы конференция қатысушыларына табысталды
-
Нина Мисоченко: Қазақ халқының арқасында жер аударылғандардың барлығы жаңа отандарына ие болды
-
Атырауда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына монумент орнату ұсынылды
-
Қазақстан кәрістері Ақтауда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды
-
Талдықорғанда ҚХА жетекші журналистер мен сарапшылар клубының дөңгелек үстелі өтті