
16 Қазан, 2017
1788
«Тазалық өзіңнен басталады»
14 қазан күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысының көрікті жері «Голубая бухта» демалыс орынында «Күзгі тазалық» жұмыстары жүргізілді.
«Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымының бастамасымен, Маңғыстау облысы әкімдігінің және Түпқараған ауданының әкімдігінің қолдауымен іске асқан сенбілікке «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Орталық коммуникация қызметінің ұжымы, облыстық прокуратура, Маңғыстау Туризм колледжінің студенттері, «ADVER» ЖШС қатысып, белсенділік танытты.
Мақсат – қоғам назарын тазалық сақтауға аудару, экологиялық мәдениет қалыптастырып, өскелең ұрпаққа тәрбие беру.
- «Іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, барша қала тұрғындарын қоршаған ортаны жақсартып, тазалықты сақтауға және экологиялық сенбіліктерге белсене атсалысуға шақырамыз», - дейді «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымының басшысы Кирилл Осин.
«Ауылына қарап, азаматын таны» демекші сенбілікке қатысқандар 200 мөшек қоқыс жинап, сыртқа тасып шығарылды. Айта кетейік, экологиялық сенбілік аймақта бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді.
Дата события ассамблеи: 16.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті