15 Наурыз, 2023
301
«Әз-Наурыз көрісуден басталады»
Қазақ халқының қытымыр қысты шығарып сап, көктем келісімен тойлайтын ерекше мейрамы – Амал мерекесі. Жер-Ана бусанып, тіршілік қайта жаңаратын көктемді дана халқымыз Жаңа жылдың бастауы деп білген. Көрісудің қазақ дәстүрінде, әсіресе, батыс аймағында үлкен маңызы бар. Бұл күні барша жұрт бір-біріне деген реніштерін ұмытып, құшақ айқастыра көріседі.
14 наурыз – Көрісу күні мерекесіне орай, Атырау облысы ҚХА және С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті бірлесіп, аталған оқу орнының Н.Балғымбаев орталығында «Әз Наурыз көрісуден басталады» атты мерекелік іс-шарасын өткізді. Қазақтың дархандығы мен кеңдігін паш ететін әдемі көрініспен басталған бұл шарада ақсақалдар, әжелер, этномәдени бірлестік өкілдері бар өнерлерін ортаға салып, қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттады. Атап айтқанда, сахна төрінде бөбектердің тұсауын кескен Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Л.Еділхан мен ақжаулықты аналар балалардың қадамына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Н.Елеусінов пен аталған оқу орнының ректоры Г.Шакуликова сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады. Шарада әсем ән шырқалып, күмбірлеген күй төгілді: «Таврос» армян этномәдени бірлестігінің мүшесі Изабелла Галстян, «Светоч-Атырау» славян этномәдени бірлестігінің мүшелері Фаина және Михаил Вязниковцевтар, «Ассамблея жастары» РҚБ мүшесі Галина Нартай, «Тхоньиль» кәріс этномәдени бірлестігінің «Саранг» хоры және «Жібек жолы» би ансамблі өнер көрсетті. «Саранг» хорының орындауындағы «Атамекен» әнін мерекені тамашалауға жиналған барша тұрғындар қосыла шырқап, патриоттық рухымызды көтерді.
Сондай-ақ, салт-дәстүр, ырым-тыйым, наурыз мерекесі туралы викториналық сұрақтар қойылып, жауабын тапқан көрермендерді ұйымдастырушылар естелік сыйлықтармен марапаттады.
Мерекелік кеш соңында «Елсана» руханият клубының ақсақалы Ақмырза Батырхайыров көпшілікке игі тілегін арнап, бата берді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
Марат Әзілхановтың «Әзербайжандар қауымдастығы» РҚБ төрағасы Абилфас Муслимович Хамедовпен кездесуі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесуі өтті
-
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
вчера, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
вчера, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты