21 Қыркүйек, 2017
1186
Тіл мерекесіне арналған онлайн-акция
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде онлайн-акция болып өтті. Оған қала бойынша 15 мектептен 30-дан астам өзге этнос өкілдерінің оқушылары және олардың жетекшілері қатысты.
Онлайн-акцияның мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының 6-шы бағытында айтылған латын әліпбиіне көшу және тілді жаңғырту мәселесі болып табылады.
Іс-шара барысында оқушылар Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің ағылшын, корей, араб, қытай тілдерін жетік меңгерген студенттермен кездесіп, сабақтың өту барысын көрді. Үш тілді жетік меңгерген жастар оқушыларға маңызды таңдауда жаңылмай, болашаққа жол ашатын мамандықты таңдауға кеңес берді. Сонымен бірге, оқушылар университеттің профессор оқытушыларымен пікір алмасты. Соның ішінде, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты С.Тайман, ф.ғ.к, қауымдастырылған профессоры Аман Абасилов, шетел тілдері және аударма кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к, доцент Марияш Жұмағұлова және шетел тілдері және аударма кафедрасының корей тілінен профессоры Пак Джон Кын жастарға латын әліпбиіне көшу мәселесінің маңыздылығын түсіндіріп, төл мерекемен құттықтап өтті.
Онлайн-акцияның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Дата события ассамблеи: 21.09.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды