Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қыркүйек, 2016

2167

«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»

2016 жылдың 29 қыркүйегі күні тілдер  мерекесіне  арналып, есту  қабілеті  бұзылған  балаларға арналған  Ақтөбе  облыстық  арнайы түзету  мектеп-интернат-колледжінде  Ақтөбе облысы әкімі аппаратының   «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік  мекемесімен бірлескен «Тіл  - тірегіміз,  соғып тұрған  жүрегіміз» атты  мерекелік концерт өтті. Осы  іс-шара  барысында  қабырға газеті шығарылып, әр  ұлт  өкілдерінің  салт-дәстүрлерін баяндайтын  көрме ұйымдастырылды,  суреттер  сайысы,  сыныптан тыс іс-шаралар,  мәнерлеп   оқу сайысы,  жазба  жұмыстары өткізіліп, облыстық тіл  департаментінің  қызметкерімен  кездесу  болды.

Іс-шараның мақсаты: Тіл - ұлттың  мақтанышы, тірегі,  жүрегі  екендігін насихаттау, жас ұрпақты тілді  құрметтеуге, тілді  ұлттық  мұра  ретінде  қастерлеуге  үйрету.  Өткізген осындай іс-шаралар  біздің  мектеп оқушыларының  қоршаған  ортаға  бейімделе  түсуіне  мүмкіндік  тудырып, туған  тілінің, туған  жерінің қадір -  қасиетін  саналы  ұғынуына  үлкен  септігін тигізеді.

Ақтөбе облыстық корей қоғамдық бірлестігінің бишілері Г. С. Маханалина және А. В. Югай өз өнерлерін көрсетіп, мектеп ұжымынан Алғыс хат алды.

Аталған салтанатты іс-шараға    «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің мониторинг және сараптама бөлімінің маманы А.С.Сағиева, мектеп  оқушылары, әҚазақ  тілі»  қоғамының  қызметкері, мектеп  ұстаздары,  ата-аналар  қатысты.

«Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Кейін қарай