Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Тамыз, 2022

394

«Тіл мектебі» авторлық бағдарлама байқауы

2022-жылдың 24-тамыз күні ҚХА «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында орыс сыныбындағы қазақ тілі пәні мұғалімдерінің арасында «Тіл мектебі» авторлық бағдарламасының облыстық байқауы өтті. Жобаның мақсаты – түрлі этнос өкілдерінің мектеп жасына дейінгі балалары мен мектеп оқушыларының мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Байқауға әр ауданнан 7 мұғалім қатысып, мектеп оқушыларына қазақ тілін үйретудің жаңаша әдістерімен бөлісті.


Байқау қорытындысы бойынша:

І орын Аяжан Ғани – Атырау қаласы, №30 мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімі;

ІІ орын Ардақ Шаймарданова – Индер ауданы, Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі;

ІІІ орын Райгул Кенжегалиева – Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кенті, №22 орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі.


Кейін қарай