Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Тамыз, 2023

250

ТАРАЗДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ-ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

2023 жылдың 8 тамызында Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл-Тәуелсіздік символы» облыстық байқауы өтті. Оған 10 аудан мен Тараз қаласынан іріктеуден өткен 7 үміткер қатысты. Қатысушылар арасында Жамбыл облысы Жуалы аудандық «Мехрибан» Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі Назифа Мамедова да бар.

Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Үміткерлер байқауда 4 кезең («Жұлдызды сәт», «Сөздің көркі»,«Ой ұшқыны», «Ұщқыр сұрақ, ұтқыр жауап») бойынша бақ сынасты.

Байқау нәтижесі бойынша І орын иегері Жамбыл ауданынан қатысқан Камила Убатова, ІІ орын иегері Шу ауданынан қатысқан Мамедова Ризвангүл, ІІІ орын иегері Қордай ауданынан қатысқан Сарова Махбуба атанды. Ал «Тіл тірегім» номинациясы бойынша Жуалы аудандық «Мехрибан» Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі Назифа Мамедова марапатталды.

Жеңімпаз атанған қатысушы республикалық байқауда бақ сынайтын болады.






Кейін қарай