Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Желтоқсан, 2023

157

Талдықорғанда «ЭТНО – FASHION» байқауы өтті

2023 жылғы 12 желтоқсанда «Қоғамдық келісім» КММ «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ ұйымдастыруымен, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қабырғасында Облыстық «ЭТНО – FASHION» байқауы өтті.


«ЭТНО-FASHION» байқауының мақсаты - Қазақстан этностарының ежелгі қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін білу, ұлттық костюм элементтері арқылы тарихтың жарқын беттерін көрсету. Күнделікті киімге этникалық элементтерді енгізу арқылы Қазақстанда тұратын өзге этнос өкілдерінің ұлттық құндылықтарын сақтау.


Байқау «Сәнді этнокиім», «Ұлы дала өрнектері», «Бірлік әртүрлілікте» номинациялары бойынша өтті. Әр номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, қалған қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.


Кейін қарай