Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Маусым, 2023

423

ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫ СУРЕТ БАЙҚАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен сарапшылар клубы «Бейбітшілік балалар көзімен» атты сурет байқауын өткізді.

Жас өнердердің шығармашылығын дамытуға, ел бірлігі мен татулығын дәріптеуге бағытталған Байқауда қалалық мекетептердің 5, 6, 7, 8 сынып оқушылары бақ сынады.

Барлығы 30-ға жуық шығармашылық жұмыстар келіп түсті. Қазылар алқасының шешімі бойынша үздік деп танылған суреттер #бейбітшілікбалакөзімен хэштегімен Қызылорда қаласының және Ассамблея парақшасына жарияланды.


Байқау қорытындысы бойынша 7 ең үздік деген жұмыстың жеңімпаздары Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камаловтың Алғыс хатынмен марапатталды.


Суретші, цифрлық иллюстратор София Темірболат оқуда озат болып, жарқын болашаққа нық қадам басып, еңсесі биік ел азаматтары атануына тілектестігін білдіре отырып, үздік жеңімпаздарға комикс кітаптарын сыйға тартты. «Бұл кітап арқылы оқушылар цифрлық қауіпсіздікті қызықты қысқа комикс әңгімелер арқылы меңгерте отырып, олардың технологиялық және дүниетанымдық салалар бойынша білімін қалыптастыруға көмектеседі» - деп атап өтті София Темірболат.

Славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Галина Щербакова шара ұйымдастырушыларына алғысын жеткізді. Балалардың ой өрісін дамытып, шығармашылығын шыңдау бағытындағы бірлескен жұмыстарға сәттілік тіледі.


Ал клуб төрайымы Елена Рыбина байқауға қатысқан оқушылардың әрбірінің жұмыстарына жоғары баға берді. Елдегі бейбітшілік, бірлік, достық пен татулық көріністері үйлесміділік тапқан суреттер үшін оқушыларға ризашылық білдірілді.

Ағымдағы жылда Клубтың ұйымдастыруымен әртүрлі танымдық бағыттағы Байқаулар өтетіндігі ескерілді.


Кейін қарай