Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Желтоқсан, 2023

112

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Журналистер мен сарапшылар клубының отырысы өтті

Достық үйінде Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Журналистер мен сарапшылар клубының отырысы болып өтті. Отырысқа Журналистер мен сарапшылар клубының төрағасы мен мүшелері,баспасөз қызметкерлері қатысты.

Биылғы жылы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін дәріптеу,қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту мақсатында Қарағанды облысы ішкі саясат басққармасының «Қоғамдық келісім»КММ тапсырмасымен «Бейбітшілік және келісім жолымен»тележобасы көрерменге ұсынылды. Осы тележоба аясында «Үздік пост» байқауы өткізілген болатын.

Байқау қорытындысы бойынша үздік жеңімпаздар марапатталды.Әділ қазылардың шешімі бойынша 1-орынды «Life 09 kaz» тобының тілшісі Ақниет Ысқақ, 2-орынды Елена Шарабура және 3-орынды Айдана Өмірбаева иеленді.Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Кейін қарай