02 Шілде, 2020
1027
«Тілге деген махаббаты ашылғанда ғана оны үйренушілер көбейеді»
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген «Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр» атты сұхбатын талқылауға арналған онлайн конференциясында Lingva-Ten тіл үйрету орталығының директоры Владислав Тен пікір білдірді:
– Алдымен бүгінгі конференцияға шақырғандарыңызға көп рақмет! Менің есімім Владислав Тен, LinguaTen тіл орталығының жетекшісімін. Қазіргі таңда орталығымызда қазақ тілі мен ағылшын тілін басым түрде оқытамыз. Осы екі тілді курсқа қатысушыларға өз методикам бойынша үйретіп жүрмін. Қазақ тілін үйренуге келетіндердің көбісі – қазақтар. Оларға қазақ тілі бір жағынан керек болса, екінші жағынан «мен – қазақпын» деген ұстаныммен үйренгісі келеді. Бұл мысалда мен орыс тілді қазақтар туралы айтып отырмын. Ал жалпы қазақ тілін үйренушілердің 90%-ы қазақтар болса, қалған 10%-ы өзге ұлттар. Өзге ұлттар аталған курсты «Қазақстанда қаламыз, осында тұрамыз» деген мақсатта оқиды.
Ендігі кезекте өзімнің ерекше методикамды айтып өткенім жөн шығар. Бұл методика өзге мұғалім әріптестерім үшін ерекше болмауы мүмкін, алайда бәрі пайдалануға тиіс деп ойлаймын. Біз онда, ең алдымен, шәкірттеріміз түсінетін тілді қолдану арқылы үйретеміз. Мысалы, күнделікті орысша сөйлейтін кісіге орыс тілінің грамматикасымен, фонетикасымен салыстыра отырып түсіндіреміз. Орыс тілінен сөзбе-сөз аударғанда мағынасы мүлде өзгеріп кететін сөздердің көп мысалы бар. Бірақ қазақ тілінде сол сөздерге ғана тән ерекше етістіктер болады. Соларды білгенде ғана түсінікті сөйлем құралады. Өз орталығымызда осының бәрін егжей-тегжейлі оқытамыз.
Тағы да айта кетер маңызды нәрсе – мен саясаткер емеспін. Сол себептен, «заңды өзгерту керек» деуге ешқандай құқым жоқ деп ойлаймын. Алайда менің өз қоғамдық ұстанымым бар. Орыс тілділерге «қазақша сөйлеңдер» қатаң талап қойғанша, оларға қазақ тілін махаббатпен, үздік методикамен үйреткеніміз жөн болар еді. Өйткені, махаббат – адамзат бойындағы ең жоғарғы сезім. Тілге деген махаббаты ашылғанда ғана оны үйренушілер көбейеді. Менің алдыма, яғни, қазаққа емес, өзге ұлт өкіліне сол ниетпен көп қазақ келеді. Себебі мен оларға күлмеймін. Керісінше, шын жүректен түсінуге тырысамын және профессионалдық жолмен көмектесемін. Осы жағдайда, егер Қазақстанда қаншалықты көп адам қазақша сөйлей бастаса, соншалықты қазақ тіліне деген қажеттілік пайда болады деп ойлаймын.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
вчера, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52