
11 Наурыз, 2016
1228
«Тіршіліктің тірегі-асыл жандар» форумы
Әйел-ана, Әйел-өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде інгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашан да қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі, ұлттың жебеушісі, ұрпағының бақыты.
5 наурыз күні Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Тіршіліктің тірегі-асыл жандар» атты форумы өтті.
Форумға «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ директоры Ж.И.Сәдеков, Қазақстан халқы Ассамблеясы ЭМО төрайымдары, ардагерлері мен белсенділері, облыстық Ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Қ.Ж.Баймадиева, Алматы облысының құрметті азаматы З.С. Гаитова, облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Иманғали Қалибек, әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтап сөз сөйлеп, ҚХА хатшылығы мен Достық үйі қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай Достық үйінде салтанатты кеш болып өтті. Аталған кеште «Достық Үйі - Қоғамдық келісім орталығының» директоры Садеков Жанат Ибрагимұлы, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы ашып, барша әйелдер қауымын 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Алматы облысының құрметті азаматы З.С. Гаитова, облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Иманғали Қалибек ақсақал, әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтап сөз сөйледі.
Достық үйінің «Өрнек» би ансамблі, Дмитрий Мыцык, «Нұр-Ас» дуэті, Сагадиев Рашид, Николаев Илияс, саз колледжінің студенті Ғали Какимбаев өнер көрсетіп, ақ жаулықты аналарға концерттік бағдарлама арналды, кеш барысында жиналған қонақтарға дастархан жайылып, сый-сияпаттар табыс етілді.
Форумның жалғасы Қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрі орталығының салтанатты ашылуы болды. Форумда «Құрсақ шашу», «Той бастар» сияқты салттар көрсетіліп, көрімдік пен басқа да сый-сияпат табыс етілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
ҚР Президенттік орталығы ғимаратында «Адал адам – адам еңбек» жастар форумы өтті
-
ҚХА «КАЗАХСТАНСКАЯ ПРАВДА» БАСЫЛЫМЫН 105 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
-
Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
вчера, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
ҚР Президенттік орталығы ғимаратында «Адал адам – адам еңбек» жастар форумы өтті
-
ҚХА «КАЗАХСТАНСКАЯ ПРАВДА» БАСЫЛЫМЫН 105 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
-
Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті