Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Сәуір, 2017

1511

Толеранттылық – бейбітшілік жолы

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің гидрокешенінде Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған «Толеранттылық – бейбітшілік жолы» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға жоғарғы оқу орынның «Философия және саясаттану» кафедрасының ғалымдары, оқытушылары және студенттері қатысты. Жиналғандардың алдында өз баяндамасымен кафедра доценті, философия ғылымдарының кандидаты Сәкен Омаров сөз сөйледі.

«Толеранттылық және дінге деген еріктілік бүгінгі күнде конфессияаралық келісімді қамтамасыз ететін шарттардың бірі. Діни толеранттылық бүгін бейбітшілікті шешетін фактор, Қазақстанның тұрақтылығы мен экономикалық прогрестің басты кілті. Әрбір қазақстандық үшін толеранттылық принцип тек саяси мәдениеттің негізі ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік бейбітшілікті нығайтудағы негізгі, әрі шешушісіі» - деп атап өтті С.Омаров.

Дөңгелек үстелге қатысушылар бір ауыздан алғашқы кезеңнен бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеті этностық топтардың негізінде азаматтық қоғам, рухани және мәдени келісімді шоғырландыру арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, әрине бұл жолда мемлекеттік тіл мен мәдениет басты рөл атқаруға тиіс деген шешімге келді.

Кейін қарай