
15 Тамыз, 2018
1010
Туған өлке тарихы құпияларын аша отырып
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен ү.ж. 13 тамызында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы шеңберінде «Ұлы Дала Елі» тарихи-танымдық экспедициясы болып өтті. Ауқымды жоба өңірімізде екі жыл қатарынан жүргізіліп келеді.
Қызылорда облысы Қазалы, Қармақшы аудандарының киелі жерлері, тарихи-мәдени нысандарымен танысуға облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Л. Төрешова, «Қоғамдық келісім» КММ директоры У. Ибраев, директордың орынбасарлары Р. Ахметова және А. Жұмабаев, облыстық этномәдени бірлестіктердің және облыстық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшелері қатысты.
Оғыз мемлекетінің саяси-рухани астанасы — Жанкент қалашығы тарихи-танымдық экспедицияның бастауы болды. Жанкент қалашығы (IX-XI ғ.ғ.) – Азия мен Еуропаны байланыстырған Ұлы Жібек жолы бойындағы ежелгі шаһар. Қалашықта зерттеу жүргізіп жатқан археолог-ғалымдар экспедиция мүшелеріне қаланың тарихы жайлы жаңаша ақпараттармен бөлісті.
Жанкент қалашығынан кейін экспедиция құрамы Қазалы ауданында орналасқан Ғани Мұратбаев музейіне тоқтады. Қатысушылар көрнекті қоғам қайраткері, Қазалы өңірінің даңқты перзенті, Орталық Азия мен Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдастырушыларының бірі, Шығыс жастарының көшбасшысы Ғ. Мұратбаевтың қолжазбалары мен жеке заттары және құжаттамаларымен танысты. «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері үшін дара тұлғаның өмір тарихы мен еңбек жолы ерекше әсер етті.
Саяхатшылардың келесі бағыты Әйтеке би кентінен батысқа қарай 4 шақырым жерде орналасқан Жанқожа батыр кесенесі болды. Экспедиция мүшелері кесенеге тоқтап, батырдың рухына тағзым етті. Кесене 1992 жылы өзінің бүкіл өмірін Арал маңы қазақтарының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған Жанқожа Нұрмұхамедұлының құрметіне қойылған.
Топ мүшелерінің соңғы аялдамасы Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен солтүстік-батысқа қарай 18 шақырым жерде орналасқан Қорқыт ата мемориалды кешені. Онда қобызды бейнелейтін төрт элементтен тұратын, әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсас — Стела, қошқар мүсіні, оңаша тілек тілейтін жер асты мінәжат үйі — Қылует, сондай-ақ, көне Рим дәуіріндегі архитектуралық құрылыс үлгісінде салынған түрлі ойындар мен сайыстарды тамашалауға арналған Амфитеатр орналасқан. Экспедиция мүшелері 3 экспозициялық залдан тұратын музеймен танысып, ондағы Қорқыт өмірі мен мәдениетінен сыр шертетін құндылықтар мен жәдігерлерді тамашалап, естелік суретке түсті.
Тарихи-танымдық саяхатқа қатысқан экспедиция мүшелері өңіріміздегі тарихи жәдігерлерімен танысып қайтқандарына зор алғыстарын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
-
Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет
-
Қарағандыда жаңа туған нәрестелерге домбыра сыйлады
-
ҚХА Аналар кеңесі жаңа туған нәрестеге домбыра сыйлады
-
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
-
Мемлекет басшысы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
вчера, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
вчера, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
-
Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет
-
Қарағандыда жаңа туған нәрестелерге домбыра сыйлады
-
ҚХА Аналар кеңесі жаңа туған нәрестеге домбыра сыйлады
-
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
-
Мемлекет басшысы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады