Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Қыркүйек, 2016

1047

Туған жеріміз бай-қуатты болсын!

Тамыздың 28-і күні қалалық демалыс бағында «Бір шаңырақ астында» атты жыл сайынғы дәстүрлі жазғы фестиваль өтті. Бұл күні белорусс этномәдени бірлестігі өзінің концерттік бағдарламасын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнады.

Қазақ жерінде белорус халқы бір ғасырдан астам уақыт мекен етуде. Олар - егемен елдің нық тұрып мемлекет болуына өз үлестерін қосып, қоғамның әр саласында еңбек етіп жүрген азаматтар. Қазіргі күні Беларусь елі мен Қазақстан арасында дипломатиялық, экономикалық, мәдени қатынастар жан-жақты дамып отыр.

Қазақстандық белорусс отбасылары қазақ жерін өз Отанымыз деп санап, ата-әкелерінің салған еңбек жолын Павлодардың Ертіс өңірінде жалғастырып жатыр.

Фестиваль басталмас бұрын мереке сахнасын әзілді частушкалар ашты. Егіс даласынан жиналған алтын масақ пен көкөніс өнімдерінен жасалған көрме көпшілікті таң қалдырды.

Белорусс халқының ерекше әндері шырқалып, бишілері сахнаға шыққанда саябақта жүрген қала тұрғындары топ-тобымен сахна маңына келе бастады. Жаз мезгілі аяқталып күз түскенде әрбір отбасы, ел болып астық жинау науқаны – Зажинки мерекесін атап өтеді. Бұл халық еңбек адамының қадірін білетін, масақ жинау науқанын таң атпай отбасындағы егде адамға тапсырады. Масақты қадірлеп үйдің төріне қояды. Алғашқы астық қадірлі және денсаулыққа пайдалы деп санайды.

 Бүгінгі мерекеге жастар да, қарттар да әдемі ұлттық киімдерімен келген. «Крыницы» ансамблі, «Надзея» халықтық көркемөнерпаздар ансамблі әуезді әндерімен, әдемі билерін халыққа арнады. Жазғы фестивальге келген Екібастұз қаласы мен Ертіс ауданы өнерпаздары арнайы сыйлықтарға ие болды.

Белорусс этномәдени бірлестігінің мәдениет күнін қортындылаған ЭМБ  төрайымы Любовь Ивановна Богнат барша жиналғандарды Конституция күнімен құттықтап, барлық отбасына құт-береке, байлық тіледі. Қала тұрғындары ризашылықтарын білдіріп, үйлеріне тарасты.

Айтпаев Мақсат

Кейін қарай