29 Қаңтар, 2025
168
«Туысқандар» жобасы аясында «Өскелең ұрпаққа – өнегелі тәрбие» іс-шарасы өтті
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында 2024 жылғы 29 қаңтарда Астана қаласындағы «ÓzgeEpic» креатив хабында «Туысқандар» жобасының «Өскелең ұрпаққа – өнегелі тәрбие» іс-шарасы өтті.
Жобаның мақсаты – Қазақстан этностарының мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған іс-шаралар ұйымдастыру арқылы мәдени-рухани байланыстарды нығайту, түрлі этностық және мәдени топтардың өкілдерін біріктіретін, өзара түсіністік пен диалогқа ықпал ететін алаң құру.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ директоры Элина Масагутова, ҚХА республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи, ҚХА мүшесі, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ҚХА Республикалық Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Камал Әлпейісова, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» РҚБ төрағасы Айнұр Жүгінісова, Астана қ. №6 емханасы меңгерушісінің орынбасары Азамат Байболов, ҚХА мүшелері, ҚХА республикалық Аналар кеңесінің мүшелері, ЭМБ және «Ассамблея жастары» өкілдері, жас отбасылар, «Ана үйі» қоғамдық қоры» аясында тәрбиеленуші аналар мен балалар, колледждердің педагогика мамандығының студенттері, «ÓzgeEpic» креатив хабының өкілдері қатысты.
Құттықтау сөзінде «Қоғамдық келісім» РММ директоры Элина Масагутова «Туысқандар» жобасының Қазақстан этностарының дәстүрлері мен мәдени мұралары туралы білімімен бөлісуге мүмкіндік беретін кеңістік екенін, шығармашыл жастарды креативті индустрияларды дамытуға және тиімді ынтымақтастыққа ынталандыратын орта екенін жеткізді.
ҚХА республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи халқымыздың салт-дәстүрі туралы кеңінен әңгімеледі. Камал Әлпейісова қазақ халқының «Тұсау кесу» дәстүріне тоқталып, «Ана үйінің» кішкентай тәрбиеленушісінің тұсауын кесті. Айнұр Жүгінісова қазақ қыздарының ұлттық киімдерінің тәлім-тәрбиелік мәні жөнінде әңгімеледі. Астана қ. №6 емханасы меңгерушісінің орынбасары Азамат Байболов қазақ дәстүріндегі салтының медициналық тұрғыдан пайдасы туралы айтып берді.
Іс-шара аясында «Қазақ халқының өнегелік салт-дәстүрлері» жинағы таныстырылып, тақырыптық викторина ұйымдастырылды, сондай-ақ Қазақстан этностары жастарының өкілдері домбырада ойнап, шеберліктерін көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
вчера, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
вчера, 14:19