Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Маусым, 2020

690

Қуғын-сүргінге ұшырағандардың ішінде белгісіз есімдер болмауы тиіс!

Мемлекет басшысының 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты Үндеуімен толық таныстым. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылатынын мәлімдеді ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы. Бұл отандық тарихтың ең қайғылы парақтарының бірі. XX ғасырдың 20-50-ші жылдарында КСРО-да тоталитарлық режимі құрылды, ол жүздеген, мыңдаған адамдардың қаза табуына себеп болды. "Қызыл террордың" шыңы 1937-38 жылдары болды. Бүгінде бұл есімдер барша қазақстандықтарға таныс: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхамеджан Тынышпаев, Міржақып Дулатұлы, Тұрар Рысқұлов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Санжар Асфендияров және т.б. Саяси себептер бойынша 103 мың адам сотталып, олардың төрттен бірі - ату жазасына кесілді. Қазақстан картасына ГУЛАГ жүйесіне кіретін 11 лагерь енгізілді, олардың ішінде АЛЖИР, Карлаг, Степлаг бар. Қазақстан Президенті Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагерін - қатыгездік пен цинизмнің қайғылы символы деп атады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үндеуінде атап өтілгендей, 5 миллионға жуық адам Қазақстанға күштеп қоныс аударылды. Қазақстанда 100 мыңға жуық адам қамауға алынып, 20 мыңға жуық адам атылды. Әр жылдары Қазақстанға жер аударылған кәрістер, поволжск немістері, гректер, Солтүстік Кавказ халықтары, курдтар, түріктер, Қырым татарлары бар эшелондар келді. Олар мұнда өздерінің жаңа отандарын тапты. Қиын сәтте барлығына көмек пен мейірімділік қолын созып, өз жүрегінің жылуымен бөліскен қазақ халқы болатын. Біз орын алған оқиғаның барлық жағдайларын ашатын нақты фактілерге ие болуымыз қажет. Біз тарихтағы бұл олқылықтың орнын толтыруымыз керек.

Мұндай тарих сабақтарын осындай қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін есте сақтау маңызды. Болашақ ұрпақ үшін сол кезде қуғын-сүргінге ұшыраған белгісіз есімдер қалмауы тиіс. Тарихи шындықты сақтау және жаңа ұрпаққа жеткізу маңызды!

Динара Хаттамқызы, Жамбыл облыстық

«Вынхуа» дүнгендер қауымдастығы» ҚБ

мүшесі

Кейін қарай