
18 Ақпан, 2016
907
Уақыт көшін алға апарған...
Осындай тақырыппен Қостанай облыстық Достық үйінде бірнеше ұрпақ өкілдері кездескен сұхбаттасу іс-шарасы болып өтті.
Іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ауғанстан соғысы, тәжік-ауған шекарасындағы әскер іс-қимылға қатысушылар, Қостанайдағы 6697 әскери бөлім әскери қызметшілері, жергілікті әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, колледж, жоғары оқу орындарының студентері, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.
- Бүкіл әлемде ақпараттық технологиялар және индустрияландыру дамыған заманда жас буынды патриоттық, іске жауапкершілікпен қарау, ел тарихына, Қазақстанның қазіргісі мен келешегіне ортақтастық сезімін қалыптастыру мәселесі өзекті болып тұр, - деді «Грин» Қостанай облысының Азаматтық альянсы» қоғамдық қорының төрайымы Динара Өтебаева. – Сондықтан да біз жеткіншек ұрпақты аталарымыз бен әкелеріміздің тәлімін үлгі қылып тәрбиелеуіміз керек, олардың Отан қорғаушы борышын атқарып, мемлекеттік шекараны қорғаудағы бейбіт өмір үшін жасаған жанкешті ерліктері туралы оларға жиі-жиі айтып отыруымыз қажет.
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Үкин Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлікке толы өмір жолын айта отырып, бүгінгі күні ардагерлер кеңесі соғыс ерлерін мәңгілік есте қалдыру мақсатымен белсенді, ауқымды шаралар атқарып жатқандығын баяндады. «Боздақтар», «Жауынгерлік даңқ кітабы» атты көп томды кітап шығарылды, «Жеңіс паркі есте сақтайды», «Қостанайлықтар – Кеңес Одағының батырлары» кітаптары жуық арада жарыққа шығады, - деді.
- Ұлы Отан соғысында миллиондаған адамның өмірі қиылды, бірақ солдаттар мен офицерлердің жанкешті ерлікке толы жауынгерлік еңбегінің арқасында Жеңіске жеттік! Сіздер, жастар, жалғастырушы ұрпақ ретінде соғыс ерлерін әрқашан да есте сақтауларың керек. Жақсы оқуларың және нәтижелі еңбектеріңмен Қазақстан Республикасының гүлденуіне өз үлестеріңді қосуларың қажет, - деп атап өтті ҰОС ардагері Михаил Подоляков.
Кедесуде Ауғанстан соғысы, тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік ұрыстарға қатысушылар, қалалық әскери-патриоттық клубтарының басшылары сөз алды. Клуб мүшелері қатысушыларға қоян-қолтық ұрыс, самбоның әдіс тәсілдерін және қылышты шебер пайдалана білу өнерін көрсетті. Ал әскери бөлім қызметшілері қатысушыларға «Журавли», «Ордена», «Афганистан» атты әндерді шырқап, бірнеше музыкалық-сазды нөмірлерін сыйға тартты.
Іс-шараның тәрбиелік мағынасы «Егер де ата-бабаларымызды есте сақтасақ, уақыт көшін байланыстырушы желі үзілмейді»... деген өлең жолдары мен қорытындыланды.
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қарағанды медициналық университетінде алғашқы Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы өтті
-
Практикаға бағытталған курс: бесінші күн
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қарағанды медициналық университетінде алғашқы Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы өтті
-
Практикаға бағытталған курс: бесінші күн