Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Сәуір, 2016

1336

«УКРАИН МӘДЕНИЕТІ КҮНДЕРІ»

Осы жылдың сәуірінде «Солтүстік Қазақстан облысының украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі құрылғанының 22 жылдығын атап өтіп жатыр. Осындай ұзақ уақыт бойы Орталық өз қатарын айтарлықтай толықтырды, облыс аудандарында және Петропавл қаласында  этномәдени бірлестіктердің 10 филиалы тиімді қызмет істейді. Ұлттық өркендеу мектебінде (№ 17 мектеп) украин сыныбы бар.

2016 ж. 17 сәуірде Достық үйінде СҚО украин мәдени орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Украин мәдениеті күнін» өткізу аясында украин жазушылары мен ақындарының туындыларынан көрме ұйымдастырды және украин Кобзарі – Тарас Шевченкоға арналған «Украин әні фестивалі» өткізді, оған жеті аудан мен Петропавл қаласынан филиалдар өкілдері жиналды.  

Украин мәдени орталығының төрағасы Аркадий Польшаков өз сөзінде Қазақстанда тұрып жатқан ұлттар мен халықтар арасындағы достықты, бейбітшілікті және келісімді нығайтудағы украиндықтардың зор үлесін атап өтті.

Жиналғандар осының барлығы ҚР Президенті, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдары Қазақстан халқы ассамблеясын құрған  Н.Ә. Назарбаевтың  салиқалы, дана, көреген саясатының арқасы екенін атап көрсетті.

Кітап көрмесінде орталық орында украин әдебиетінің классигі, қазақ жерінде ұзақ уақыт тұрған және қалам тартқан Тарас Григорьевич Шевченконың туындыларынан экспозиция тұрды. «Форт Шевченкода» қазақстандықтардың Ұлы Кобзарь мұражайын ашу – екі елдің арасындағы ынтымақтастық пен достық қатынастың айғағы.

Көрмеге сонымен бірге Иван Франко, Михаил Коцюбинский, Леся Украинка секілді және басқа да әйгілі украиндық жазушылар мен ақындардың туындылары қойылды. 

Қазақстандықтар ішіндегі заманауи украиндық жазушылардың есімдері де аталды. Көрмеде жазушы, Қостанай қаласында тұрып жатқан Украинаның Қазақстандағы құрметті консулы Анатолий Тарасенконың, қостанайлық ақын Андрей Кирилюктің, петропавлдық прозашы әрі ақын Аркадий Польшаковтың кітаптарын, Канадада алғаш рет басылған тоғыз романды, хикаяттар мен поэзия жинақтарын көруге мүмкіндік туды.

Фестивальде өнер көрсеткен аудандық украин шығармашылық ұжымдарының ішінен Новоишимское аудандық «Трембиту» ерекше көзге түсті (жетекшісі Наталья Ефремова), олар аудандық және облыстық фестивальдермен қоса республикалық фестивальдің дипломанттары болып табылады.

Жамбыл ауданының Преснов аудандық мәдениет үйі шығармашылық ұжымы да бұрыннан даңқа бөленген, онда Любовь Кокорина құрған украиндық үй бар. Бүгінгі күні дарынды жас әнші Ирина Бессараб басқаратын «Смерека» ұжымы осындай айтулы украин дәстүрлерін жалғастырушы болып табылады.

Қызылжар ауданында көп жылдан бері әртүрлі сахна төрінде  «Мрия» көркем өнерпаздар ұжымы өз өнерін паш етуде, көркемдік жетекшісі – Анастасия  Высоцкая, ауданның украин мәдениет орталығының басшысы – Надежда Повзун.

Осы ауданда тұрып, өз талантымен қуантып жүрген Лидия Хамрачева және өзі басқарып отырған шығармашылық ұжым аудан және облыс арасында лайықты беделге ие.  

Аққайың ауданында Марина Полтавецтің басқаруындағы «Мрия» украин көркемөнерпаздар ұжымы баршаға мәлім, олар көптеген облыстық фестивальдердің дипломанттары болып келеді.

Мағжан Жұмабаев ауданында украин көркемөнерпаздар ұжымының тұрақты жетекшісі Мария Иваненко болып табылады, ол Тарас Григорьевич Шевченконың өлеңін шын көңілмен оқып берді.

Мамлют ауданынан бірінші рет фестивальге жергілікті украин көркемөнерпаздар ұжымы келді.

Фестивальде ұлттық өркендеу мектебінің (№ 17 мектеп) оқушылары өз өнерлерімен тәнті қылды, онда украин сыныбы бар, сынып жетекшісі Лилия Пытьева.

Фестивальде Петропавл қаласынан Александр Кокорин жетекшілік еткен  жас ұжым  «Украинские посиделки» жақсы өнер көрсетті.

«Украин мәдениеті күні» мерекесінің соңында Украин мәдени орталығының төрағасы Аркадий Польшаков барлық қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады. 

   

 

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай