27 Қаңтар, 2017
1974
Универсиаданың Алау эстафетасы Атырауда
27 қантар күні Атырау қаласында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың Алауы салтанатты түрде Атырау мұнай және газ университетінен бастау алды.
Егеменді еліміздің тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған алау эстафетасының өңірлік шарасына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, аймақ тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.
«Әлемдік спорт сахнасында санаулы күндерден кейін XXVIII қысқы Универсиаданың алауы жанады. Спорт пен дене шынықтыруды, салауатты өмір салтын насихаттайтын бұл доданың Қазақстанда өтуі – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатының бір жемісі. Ең бастысы, Универсиада өткізу бәрімізге қуаныш сыйлап, елімізде және біздің облысымызда спорттың дамуын ықпалын тигізеді», - деді ол өз сөзінде.
Универсиада алауын алып жүру мәртебесі түрлі халықаралық конкурстар мен жарыстарда жеңімпаз атанып жүрген 60 белсенді спортшылар мен студенттерге бұйырды. Олардың ішінде, жерлесіміз, 2016 жылғы Олимпиаданың ауыр атлетика бойынша жеңімпазы Ниджат Рахимов, сондай-ақ, Атырау облысы ҚХА жастар қанатының белсенділері: татар-башқұрт этномәдени бірлестігінен - Валиев В.; орыс этномәдени бірлестігінен–Котов А.; кәріс этномәдени бірлестігінен- Ли Вероника; болгар этномәдени бірлестігінен- Ю.Кустадинчев.
Олар Универсиада алауын Амандосов, Баймұханов, Махамбет, Абай, және Сәтбаев көшелерімен алып өтті.
Іс-шараның қорытындысы беделді оқу орындардың бірі Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде аяқталды. Эстафета алауын осы университетінің ректоры Абзал Талтенов қабылдап, аймақ басшысына табыстады. Нұрлан Ноғаев алауды жерлес боксшы қызымыз, әлем чемпионатының қола жүлдегері, еліміздің бес дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың жеңімпазы Назым Ищановаға Алматыға жеткізу үшін табыстады. Алау «Атырау – Алматы» бағытындағы ұшақпен оңтүстік астанаға аттанды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
-
Маңғыстау облысында ҚХА Аналар кеңесінің «Салауатты сана» жобасы ұсынылды
-
Абай облысында «Салауатты сана» республикалық жобасының тұсаукесері өтті
-
Атырауда ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының инспекторы облыстық ҚХА құрылымдар басшыларымен кездесті
-
Атырауда «Этноблогер» шығармашылық байқауы өтті
-
Сәтбаев қ. Достық үйінде «Салауатты сана» жобасының таныстырылымы өтті
26 Желтоқсан, 10:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады
26 Желтоқсан, 17:23
«Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері Ақтау қ. маңында ұшақ апатынан қаза болғандарды еске алды
сегодня, 13:51
Жаңа 2025 жыл құтты болсын!
сегодня, 13:54
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
Ұқсас жаңалықтар
-
«САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
-
Маңғыстау облысында ҚХА Аналар кеңесінің «Салауатты сана» жобасы ұсынылды
-
Абай облысында «Салауатты сана» республикалық жобасының тұсаукесері өтті
-
Атырауда ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының инспекторы облыстық ҚХА құрылымдар басшыларымен кездесті
-
Атырауда «Этноблогер» шығармашылық байқауы өтті
-
Сәтбаев қ. Достық үйінде «Салауатты сана» жобасының таныстырылымы өтті