03 Маусым, 2016
684
В. Божко ақмолалық этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті
ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко ақмолалық этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен, Ардагерлер кеңесінің мүшелері және облыстың, Көкшетау қаласының құрметті азаматтарымен кездесті. Кездесу барысында республикамыздың жоғары өкілдік органына ҚХА-дан сайланған тоғыз депутаттың қызметі сөз болды.
– Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мәжіліске тоғыз адам сайланды. Біз депутаттық корпустың қалауына қарап, ҚХА-ның Парламенттегі тобын құрдық, оған 107 депутаттың 31-і енді, оның ішінде барлық партиялардың өкілдері бар. Топ «Мәңгілік ел» патриоттық актісін қабылдауға орай құрылды – бұл ұлттық идея, аталған топ басты алты бағыт бойынша жұмыс істейді. Жұмыс жоспары айтарлықтай ауқымды, оны ҚХА сайтында жариялайтын боламыз, – деді В. Божко.
Оның айтуынша, депутаттық қызмет аясында ҚХА атынан сайланғандар бірнеше тетікке ие, олар – регламент бойынша министрліктер мен ведомстволардан қандай да болмасын мәселелерді шешуді талап ету, үкіметтік сағат ұйымдастырып, сайлаушылар мүдделі болып табылатын проблемаларды тыңдау, көшпелі отырыстар өткізу.
Сонымен қатар, барлық этномәдени орталықтардың жұмысымен байланысты ақпаратпен, жетістіктермен, ұсыныстармен алмасу бойынша ұйымдастыру жұмыстары қолға алынды. Бұл облыстық филиалдарда ҚХА аясында мазмұнды жұмыс істеу үшін жақсы әдістермен және тәжірибемен бөлісу үшін қажет.
Бұл ретте В. Божко қызмет саласына жастар орталықтарын тартуға баса назар аударып, бірлескен мерекелер мен іс-шараларды жиі өткізуге, этномәдени орталықтарда үштілділік бойынша белсенді жұмыстар жүргізуге, бұрын қабылданған заңдарды пайдалануға шақырды.
Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты этномәдени орталықтары өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы жұмыстарына табыс тіледі.
«Қоғамдық келісім»
мекемесінің баспасөз орталығы
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов Израиль Кнессетінің спикері Амир Оханамен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов В.Тенмен кездесті
-
Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32