Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Маусым, 2016

782

В. Божко этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің ҚХА атынан сайланған депутаты В. Божко «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» шығысқазақстандық этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен, ардагерлер кеңесінің мүшелерімен және қаланың құрметті азаматтарымен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында депутат барлық этномәдени бірлестіктердің жұмысына байланысты ақпаратпен, жетістіктерімен, ұсыныстар алмасу бойынша жұмыс басталғанын айтып өтті. Бұл облыстар арасында ҚХА аясында мазмұнды жұмыс істеу үшін тәжірибемен бөлісу үшін қажет екенін атап өтті.

В. Божко қызмет саласына жастар орталықтарын тартуға баса назар аударып, бірлескен мерекелер мен іс-шараларды жиі өткізуге шақырды. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты этномәдени бірлестіктердің сұрақтарына жауап беріп, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы жұмыстарына табыс тіледі.

   

 

Кейін қарай