Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Наурыз, 2016

696

«Вайнах» тобының қайырылымдылық концерті

27 наурыз күні «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында», шешен-ингуш этномәдени бірлестігі қайырылымдылық концерт ұйымдастырды. 2016 жылдың Қайырылымдылық жылы деп жарияланғаны баршаңызға мәлім. Осыған орай  барлық өтіп жатқан іс-шаралар  «Үлкен ел – үлкен отбасы» қайырылымдылық акциясы шеңберінде өтуде. «Вайнах» ансамблінің мүшелері қайырымдылық концерттің аясында, көпбалалы ана Канопьянованың отбасына материалдық көмек көрсетіп,  кітаптар мен ойыншықтарды сыйға тартты.

Концерттік бағдарламада этномәдени бірлестіктің өнерпаздары шешен ұлтының әндері мен билерін билеп, шешен халқының тілінде өлеңдер оқылды. Сондай-ақ,  Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлт өкілдері  сахнаға шығып, «Біздің ортақ -  Қазақстанымыз» атты патриоттық әнді қосыла шырқады. 

   

Кейін қарай