29 Желтоқсан, 2015
857
Вайнах жылды қорытындылады
Чешендердің алғашқы атауы – нахчи. Олар Солтүстік Кавказдың байырғы тұрғындары болып табылады.1944 жылы ақпан айында чешендер мен ингуштар өздерінің туған жерінен Қазақстанға жер аударылды.
Чешендердің алғашқы атауы – нахчи. Олар Солтүстік Кавказдың байырғы тұрғындары болып табылады.1944 жылы ақпан айында чешендер мен ингуштар өздерінің туған жерінен Қазақстанға жер аударылды.
Ингуштардың негізгі атауы – гьалгьай, үлкен ингуштық қоғам галагаевтардың атымен аталған. Ингуш тілі кавказдық тілдер тобының нахск (вайнахтық) тарауына жатады. Ингуштар Кавказдың байырғы тұрғындарына жатады, оның тарихы 4 мың жылдыққа кетеді. "Ингуш" атауымен олар XIX ғасырдың бірінші жартысында белгілі болған.
Диаспораның тарихы мен салт дәстүрі, қазақ жеріне жер аударылу туралы тарих беттерінен сыр шертер мәліметтер Көкшетау қаласындағы Достық үйінде өткен Ақмола облысының «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің қорытынды жиналысында айтылды. Бірлестік төрағасы Герихан Ибрагимов «Қиын-қыстау кезеңде халқымызға пана болған қазақ халқына зор ризашылығымызды білдіреміз. Біз бір ұлтқа айналдық, себебі біз барлығымыз қазақстандықтармыз»,- деп атап өтті.
Шешендер – мұсылмандар, шешен халқының салт-дәстүрі кез-келген мұсылман халқының дәстүріндей өзіндік ерекше. Ең басты дәстүр – еркіндік. Кез келген жағдайда да шешендер ең алдымен еркіндік, бостандықты қалайды. Екінші орынға шешендердің жомарттығын қоюға болады. Ол тәкаппарлықпен үйлеседі. Шешендер қонақжай халық. Әйел адамдарға, қарт адамдарға ерекше сый-құрмет көрсетілген. Отбасы салтында ұл бала әкесінің кез келген өтінішін орындауға тиісті. Осындай ұлттық дәстүрді сипаттайтын көріністер бүгінгі кеште қойылып, шешен ұлтының үйлену тойынан үзінді спектакль көрсетілді.
Құттықтау сөз кезегін алған кеш қонағы «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов өз балалық шағындағы естеліктермен бөлісіп, соғыс жылдарында қазақ ауылдарына қоныстанған шешен-ингуш ұлты туралы айтып берді.
Мерекелік кеш барысынды шешен ұлтының әндері айтылып, бірлестіктің жастар қанатының белсенділеріне Алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.
«Қоғамдық келісім»
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
Алматы қаласында республикалық Достық үйі ҚХА 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді
-
«Килиманджаро» шыңы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай бағындырылды
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
сегодня, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
сегодня, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды