
25 Мамыр, 2016
760
«Вдохновение» вокал студиясының есептік концерті
Осы демалыста «Возрождение» неміс қоғамы» ҚБ жанында құрылған «Вдохновение» вокал студиясы жыл сайынғы есептік концертін берді. Халықаралық отбасы күніне орайластырылған бұл іс-шара алтыншы жыл қатарынан өткізіліп отыр.
«Вдохновение» вокал студиясының көркемдік жетекшісі Дильяра Халыққызының айтуынша, студияға келушілер әрбір жарты жыл сайын есептік концерт береді. Бүгінгі таңда студияда (төрт пен қырық жас аралығындағы) 22 тәлімгер оқиды. Бұндай концерт студия қызметіне мониторинг жүргізудің ерекше әдісі іспетті. Вокалдық студияның репертуары қазақ, неміс, орыс және ағылшын тілдеріндегі әндерден тұрады.
«Бүгінгі концерт Халықаралық отбасы күніне және Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылып отыр. Сол себепті отбасы, ана және әжеге деген махаббат туралы әндер осы залда көбірек шырқалатын болады. Сондай-ақ бүгін біз вокалдық отбасымыздың барлық мүшелерінің таланттарын көпшілікке көрсетуді мақсат тұтып отырмыз», - дейді фортепиано сыныбының ұстазы, «Возрождение» неміс қоғамының мүшесі Ольга Ермоленко.
Концерт шымылдырығын ең жас вокалшылар ашты. Олар ән айтқан кезде, экраннан құммен салынған суреттер көрсетілді. Бұл балақайлар керемет әнші ғана емес, шеттерінен дарынды, бірі ән шығарса, бірі би билейді. Мысалы, Ольга Вячеславовнаның шәкірті Анастасия алғаш рет өзі шығарған «Көбелек» атты пьесаны орындады. Бұдан кейін орта және жоғары топтардың үздік вокалшылары өнер көрсетті. Олардың әсем дауыстары мен тамаша орындаулары көрерменді таңғалдырды.
Концерт соңында кештің құрметті қонақтары, көптеген халықаралық байқаулардың дипломанттары Ермоленко Константин мен Овсянникова Юлия вокалдық студияның тәлімгерлеріне бастапқы және орташа курсты аяқтағы туралы сертификаттарды табыс етті.
_____________________________
Астана қаласы әкімдігінің жанындағы
«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі:
тел. 24-98-56/ +7707-310-53-54/ +77071305659
WhatsApp - 7707-310-53-54/ +77071305659
e-mail: adelya-solnce89@mail.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
Атырауда «Сәлем, Көктем» атты қайырымдылық концерті өтті
-
Атырауда татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің есеп беру концерті өтті
-
Атырауда орыс мәдениетінің күндері өтті
-
Атырауда түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктірген мерекелік кеш өтті
-
Қызылорда облыстық ҚХА қайырымдылық концертін ұйымдастырды
-
Талдықорғанда I вокалды-хореографиялық байқау өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Атырауда «Сәлем, Көктем» атты қайырымдылық концерті өтті
-
Атырауда татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің есеп беру концерті өтті
-
Атырауда орыс мәдениетінің күндері өтті
-
Атырауда түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктірген мерекелік кеш өтті
-
Қызылорда облыстық ҚХА қайырымдылық концертін ұйымдастырды
-
Талдықорғанда I вокалды-хореографиялық байқау өтті