
03 Ақпан, 2017
1953
Вера Фризеннің көрмесі
«Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Халықтық сәндік-қолданбалы өнер шеберлері қауымдастығының мүшесі Вера Фризеннің дымқыл киізді жабағылау техникасында жасалған айрықша әсерлі тірі суреттері ашық көрмеге ұсынылды. Шебердің тақырыптық жинағында натюрморттар, табиғи көріністер, гүлдер мен жануарлар ғана емес, тіпті тұтас туындылар басылған маталар баршылық. Мысалға, «Қыз Жібек» романтикалық дастанының кейіпкерлерін бейнелейтін суретті атап өтуге болады.
Шақырылған қонақтар суреттерден көз ала алмай, өздерінің тәнті болғандарын жасырған жоқ. «Қоғамдық келісім» КММ басшылығының өкілдері және ұйымның ұжымы Вера Фризенді құттықтады. Олардың ішінде мекеме басшысының орынбасары Манат Исмағұлов өзінің ізгі тілегін білдірді.
Халықтық сәндік-қолданбалы шығармашылықты дамыту бойынша маман Алтынай Күлжанова қонақтарды автордың өмірбаянымен таныстырды. Вера Фризен Степняк қаласында, шахтерлер отбасында дүниеге келген. 30 жылдан астам уақыт бойы шыны бұйымдарды әшекейлеумен, керамикалық флористикамен айналысады, ал соңғы екі жыл бойы киізден сурет салып келеді. Қапшағай ҚКТУ тәмамдағаннан соң, 25 жыл Көкшетаудың шыны бұйымдар зауытында қарапайым көркем суретшіден бастап кәсіпорынның бас суретшісіне дейін аянбай еңбек етті. Вера Ивановна – облыстық, республикалық, халықаралық көрмелердің бірнеше дүркін жүлдегері. 2010 және 2011 жылдардағы аймақтық «Фламинго» көрмелерінің жеңімпазы, Ақтөбе қаласындағы «Сарқылмас саяхат» республикалық туристік жәрмеңкесінің қатысушысы. 2011 жылдың мамырында ЖЭҚ/БҰҰДБ бас үйлестірушісі Хилари Кларктің Қазақстанға келуіне арналған көрмеге қатысты. Жыл сайын «Қанатты әйел» байқауына және түрлі деңгейдегі шебер сағаттарға қатысады.
Алтынай Айтмұханқызы Фризеннің балалық шақта таңдаған өз мамандығына адал екенін және оның шығармашылығының ешқашан сарқылмайтынын ерекше айтып өтті.
Қоғамдық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің маманы Ирина Панасюра өткен жылдың сәуір айында «Қоғамдық келісім» мекемесіне сол кездері ҚР Премьер – Министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның келгенін шақырылған
қонақтардың есіне салды.
- Мына қабырғаға сіздің басқа әріптестеріңіздің суреттері ілінген болатын, олардың тек біреуі ғана сіздікі еді, - деп, ол Вера Ивановнаға үн қатты. – Сол суретке Дариға Нұрсұлтанқызы тәнті болып, былай деген екен: «Уа, қандай керемет! Мұндай дәрежедегі жұмыстар Астанадағы «ЭКСПО-2017» ұсынылуы тиіс». Сол себепті, оның осылай болатынына менің күмәнім жоқ.
Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ Халықтық сәндік - қолданбалы өнер шеберлерінің қауымдастығы атынан салтанатты іс-шараның иесін оның төрағасының міндетін атқарушы Елена Омельченко, ал туризм басқармасынан - Дария Әбілмажинова құттықтады. Дария Фризеннің шығармашылық еңбектерінің жылдан жылға дамып келе жатқанын ескерте отыра, өз сәбиінің бесігінің жанында ұйықтап қалған жас ананың суретін ерекше атап өтті. «Қандай бақытты беймаралдық! Оның бет әлпетінің нәзік қырлары қаншалықты шеберлікпен көрсетілген. Мына еңбекке сіздің қолыңыз бен жаныңыз батқан. Сіз ғажайып жасау үшін жаралғансыз!», - деп масаттанды.
Осындай суреттердің отыздан астам үлгісі ұсынылды. Өз басым, мазмұны бойынша әлдеқайда жетілген, автордың «Ғашықтар» деп атаған суретін ескерер едім. Онда суреттелген батыр мен сұлу қыздың бейнесі «Қыз - Жібек» киносының кейіпкерлеріне ұқсас, Ұлы даланың басқа да Ромео мен Джульеттасы: Қозы- Көрпеш - Баян сұлу, Ақан сері - Ақтоқты, Біржан сал-Ләйлімді еске түсіреді.
«Жүн – шығармашылық үшін керемет материал, ал бұл жолға мен өзімнің әріптесім Людмила Безгачеваның арқасында түстім», - деп Вера Ивановна ризашылықпен айтып өтті. «Ұзақ уақыт бойы оның керемет орамалдарына, тері жағаларына қарадым, бірақ қайталағым келген жоқ. Киізден бояу езуді ғаламтор бойынша үйрендім. Бірінші гүлдер салдым. Ең қызығы – ол таратып салу, бұл жерде жүн сурет салатын бояу тәрізді. Киіз басу үрдісі көп еңбек етуді қажет етеді, бәрі дайын болған сәт сүйсіндірерлік: үтіктелген, майда моншақтармен тігілген. Тірі кейіпкерлерді суреттеуді көз салудан бастаймын. Егер көздері әдемі болса, қалғаны қиын емес. Менің алғашқы жұмыстарымның бірі мынадай – киіз үй, оның ішінде қыз бала, бұл сурет тегіс жабағылау техникасында орындалған. Жаңа жұмыстарым - 3D және 4D дөңестіктері бар күрделі технологияда жасалған суреттер. Ал ендігі кезекте мен осы ұлттық киім киген қызды тірілткім келеді. Киіз үйді мерекелік
дастарғанды қоршаған адамдарға толтырғым келеді. Осындай бейнелі суреттердің бірқатар түрлерін салып, оларды «Біздің үйге бейбітшілік» деп атауды жоспарлаудамын».
Бүкіл жерде балалардың көңілді дауысы естіледі, алғаш келушілер қатарында - мектеп оқушылары бар. Вера Фризеннің «Войлочная акварель» көрмесі бір айға созылады. Қоғамдық келісім сарайының есігі барлық келушілер үшін ашық.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
-
«Егемен елдің ертеңі жарқын» фотокөрмесі
-
Елордада тұрғындары «Тәуелсіздік басты құндылығымыз» шығармашылық көрмесін тамашалады
-
Жамбыл облысында суретші Мұратжон Рахымжановтың көрмесі ұйымдастырылды
-
Қарағандыда Кәріпбек Күйіковтің көрмесі өтіп жатыр
-
Өскеменде Сергей Ларенковтың көрмесі өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
-
«Егемен елдің ертеңі жарқын» фотокөрмесі
-
Елордада тұрғындары «Тәуелсіздік басты құндылығымыз» шығармашылық көрмесін тамашалады
-
Жамбыл облысында суретші Мұратжон Рахымжановтың көрмесі ұйымдастырылды
-
Қарағандыда Кәріпбек Күйіковтің көрмесі өтіп жатыр
-
Өскеменде Сергей Ларенковтың көрмесі өтті