Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Мамыр, 2016

832

«Видергебурттің» концерті

Петропавл қаласында Қазақстан халқы ассамблеясы Достық үйінің концерт залында «Видергебурт» Солтүстік Қазақстан неміс мәдени орталығының есеп беру концерті өтті.

Бөгде адамдарға немістердің өмірі жаппай мереке болып көрінуі мүмкін. Немістер көңіл көтергенді ұнатады және мерекелерге ұзақ және ынта-жігермен дайындалады. Олардың ашық түсті костюмдері сүйікті әндер мен билерінің ұлттық бояуына ұласқан.

Конкурсқа қатысушылар неміс орталығы өміріндегі жарқын сәттерді еске алды. Іс-шара хор ұжымының өнерімен басталды. Әртістер неміс тілінде әндер шырқады. «Видергебурт» орталығының жастары неміс тілі оқытушылары  Юлия Гонтарь мен Галина Глухованың басшылығымен сүйікті өлең шумақтарын оқыды. Ал Оксана Лясота жетекшілік ететін ұжымның би өнері жиналғандардың бәрін тәнті қылды.  

Соңында «Видергебурт» балалары көрермен қауымға «Колобок» ертегісін неміс тілінде көрсетті. 

   

 

 

 «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі 

Кейін қарай