30 Маусым, 2016
641
Владимир Божко Петропавлда
28 маусымда Петропавл қаласының Достық үйінде ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божкомен кездесу өтті. Владимир Карпович 2016 жылғы парламенттік сайлауда Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Ол сондай-ақ «Қазақстанның орыстар, славяндар және казактар ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар ұйымы төрағасының орынбасары болып табылады.
Отырысқа облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов, облыстық және аудандық этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты.
«Мәңгілік ел» патриоттық актісі, Ақтөбе қаласындағы соңғы оқиғалар, сонымен бірге Қазақстан халқы ассамблеясының қызметі мен жұмыс сапасы өзекті тақырыптарға айналды.
Отырыстан кейін Владимир Божко Петропавл құрылыс-экономикалық және гуманитарлық-техникалық колледждердегі Бейбітшілік пен келісім орталықтарына барып қайтты. Онда депутат үшін экскурсия ұйымдастырылды.
Құрылыс-экономикалық колледждің директоры студенттер жұмыс істейтін шеберханаларды көрсетіп, оқу орнының технологиялық ерекшеліктерін айтып кетті. Гуманитарлық-техникалық колледжде Владимир Бажко жазушы Герольд Бельгердің мұражайын көріп, Петропавл колледжінің тарихымен танысты.
Владимир Бажко Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жұмысының сапасы мен жинақылығын атап өтті.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавлда «Мәміле» клубының мүшелері отбасылық дәстүрлер, аға ұрпақтың отбасындағы рөлі туралы әңгімеледі
-
Ресей мен Қазақстанның іздеу отрядтары Петропавлда бас қосты
-
Петропавлда «Мәміле» пікірталас клубының мүшелері «шежіре» құрастыруды үйренді
-
Петропавлда ҚХА мүшелері бесінші жыл қатарынан «Ұлт рухы» спорттық жобасына қатысуда
-
Петропавлда Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Рашида Давлеткильдееваны еске алды
-
Петропавлда еріктілер 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
вчера, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты