15 Наурыз, 2016
813
Вячеслав Чехоевтың құрметіне арналған турнир
Ақтауда жеңіл атлетикадан спорт шебері Вячеслав Чехоевтың құрметіне арналған турнир өтті. Спорттық доданы ұйымдастырушы - «Алан» осетин этномәдени бірлестігі.
«Алан» осетин этномәдени бірлестігінің төрайымы Фатима Биркленің айтуынша, бұл турнир салауатты өмір салтын насихаттау үшін арнайы ұйымдастырылған.
-Биыл құрметті Вячеслав Давидович 79 жасқа толады. Біз ол кісіні мақтан тұтып, әрдайым кейінгі ұрпаққа үлгі етіп таныстырып жүреміз. Ол өз ісімен кейінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие беруден жалықпайды, - деді Ф.Биркле.
Вячеслав Чехоев 1937 жылдың 17 тамызында Солтүстік Осетияда дүниеге келген. Ол Ақтауға 1974 жылы қоныс аударған. Жастайынан салауатты өмір салтын ұстанатын ол, жеңіл атлетикадан КСРО-ның екі дүркін чемпионы болған. Алға қойған мақсатына жететін Вячеслав Давидович қариялар арасында 2012 жылы Тайбэеде өткен Азия чемпионатында алтын, күміс жүлделерді жеңіп алды. Сол жылы ол Маңғыстау облысында да спорт саласының үздік ардагері атағын алды.
-Бұл өмірде мен үшін ең маңыздысы - спорт. Кейбір жастардың салауатты өмір салтын ұстанбайтыны мені қынжылтады. Елбасының өзі бізге салауатты өмір салтын ұстану керектігін қаншама жылдан бері айтып келеді. Мен барша қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға шақырамын, деді В.Чехоев.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
ӘЙЕЛ-АНАЛАР ҚҰРМЕТІНЕ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті