Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Ақпан, 2016

846

"Яратам сине" татар-башқұрт жастарының кеші

Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында "Яратам сине" атты татар-башқұрт жастарының би кеші өтті. Кешті «Шатлык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің «Мирас» жастар қанаты ұйымдастырды.

Зал іші романтикалық атрибуттармен безендірілді. Кешті өткізудегі басты мақсат - татар және башқұрт жастарын өзара таныстыру, бұл өз кезегінде болашақтағы ұлттың сақталуына кепіл болатын, татар, башқұрт отабасыларының құрылуына себеп болады. Шара барысында әр түрлі байқау, көріністер қойылды, жастар сан-қилы ән айтып, би биледі. Кешке қатысқан барша адам риза болып, сыйлықтарға ие болды, ең бастысы жаңа достар тапты.

 

«Ақтөбе облысының аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

 

 

Кейін қарай