12 Қазан, 2022
745
Әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебінің таныстырылымы
Бүгін, 12 қазанда Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Қазақстанның әйелдер күштері Альянсының Саясаткер әйелдер клубы мен Әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебінің таныстырылымы өтті.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында
49 депутаттың 10-ы әйел депутат, яғни 20% құрайды, Мәжілістегі әйелдердің саны 24% – 107 депутаттың 26-сы әйел. 16 министрдің ішінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарын тек 2 әйел басқарады. Толық және тиімді қатысуды және әйелдердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің қатысуын 30%-ға дейін арттыру қажет. Әйелдердің саяси өмірге және шешім қабылдауға қатысуын арттыру Қазақстандағы гендерлік теңдік пен тұрақты дамуға қол жеткізудің негізі болып табылады.
Қатысушылардың айтуынша сайлау алдындағы кезеңде сайлауға қатысатын әйелдерге кәсіби дайындық, белгілі бір дағдылар мен құзыреттіліктерді меңгеру, саяси жүйенің техникалық және формальды аспектілерін зерделеу қажет.
Осыған байланысты Қазақстанның әйелдер күштері альянсы бүкіл Қазақстан бойынша саясаткер әйелдер клубтарының жұмысын жандандырып, әйелдердің саяси көшбасшылығы мектептерін ашуда.
Әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебі мен саясаткер әйелдер клубының мақсаты – Қазақстандағы жетекші әйел саясаткерлердің тәжірибесіне сүйене отырып, әйелдерді басқару және бәсекеге түсу қабілеттілігін арттыру және үйрету арқылы әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытуға елеулі үлес қосу болып табылады.
Әйелдердің саяси көшбасшылық мектебінің міндеттері:
1. Әйелдердің қоғамдық-саяси, заң шығару жұмыстарына, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен атқарушы билік органдарына ұсыну үшін кадрлық резервін қалыптастыру;
2. Оқытудың тиімді бағдарламасын құру;
3. Жетекші әйел саясаткерлермен тәлімгерлік бағдарламасына қатысу.
Саясаткер әйелдер клубының міндеттері:
1. Әйелдердің мемлекеттік және қоғамдық-саяси жұмысқа ұсыну үшін кадрлық резервін қалыптастыру;
2. Әйелдердің көшбасшылық мектептерінің жұмысын ұйымдастыру;
3. Өлкенің тарихи тұлғалары арасынан басшы әйелдерді танымал ету.
Ұқсас жаңалықтар
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
ЭТНОСАЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӨЗЕКТІ ТРЕНДТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Сәтбаев қ. Достық үйінде «Салауатты сана» жобасының таныстырылымы өтті
-
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
-
Мемлекет басшысы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады
-
Сарапшылар этносаралық араздық тілін еңсеру бойынша #Бірге ақпараттық науқанның таныстырылымын өткізді
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
вчера, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
вчера, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты