![](/upload/iblock/cc0/cc0975f33d85dac416848e318d978961.jpg)
06 Қараша, 2023
266
Сарапшылар этносаралық араздық тілін еңсеру бойынша #Бірге ақпараттық науқанның таныстырылымын өткізді
2023 жылғы 6 қарашада Астана қаласында өзара сыйластық құндылықтарын ілгерілетуге, қазақстандық қоғамның бірлігі мен алуан түрлілігін сақтауға бағытталған #Бірге ақпараттық науқанының таныстырылымы өтті, оның мақсаты – «араздық тіліне» қарсы іс-қимыл және алдын алу, қоғамдағы этносаралық толеранттылықты арттыру және медиа кеңістіктегі азаматтардың қарым-қатынас мәдениетін жақсарту
Науқанды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырды.
ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин өз сөзінде ақпараттық науқанның маңыздылығын, интернет пайдаланушылардың әлеуметтік желілерде және күнделікті өмірде этносаралық коммуникация ережелерімен танысуына жәрдемдесудің маңыздылығын атап өтті.
Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Йоханнес Д. Рай алғы сөзінде, интернет-кеңістіктегі сындарлы мінез-құлықтың, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынастың және өркениетті пікір алмасудың қажеттігін атап өтіп, бұл жоба қалың жұртшылық арасында этносаралық «араздық тілі» мәселесі бойынша хабардарлықты арттыруға септігін тигізетіндігін айтты.
Осыған дейін «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы араздық дискурсын зерделеу бойынша медиа алаңда үлкен талдамалық жұмыс пен терең зерттеулер жүргізгенін атап өткен жөн.
Жоба шеңберінде қоғамдық орындарда, өңірлерде таратылып, көрсетілетін көрнекі материалдар (плакаттар, сыртқы жарнама баннерлері, анимациялық бейнероликтер) әзірленді.
Науқанның барлық материалдарында #Бірге хэштегі, «Біз әртүрлі болғанмен, Отанымыз ортақ» ұраны, сондай-ақ «араздық тілдің» таралуына жол бермеу мақсатында әзірленген ақпараттық кеңістіктегі мінез-құлық ережелерінің әмбебап және түсінікті жиынтығы «QazNetEtiquette»-ке сілтемесі бар QR-код орналастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, Әдеп кодексінің таныстырылымы Астана қаласында 2022 жылдың қазан айында өтті. Әдеп кодексінің басты мақсаты – «араздық тілін», оның критерийлерін, заңдылық қырларын және араздық дискурсын таратқаны үшін моральдық айыптауды анықтау, адам құқықтары саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік шараларын түсіндіру арқылы интернет кеңістігінде этносаралық «араздық тілін» еңсеру.
Тұсаукесер рәсіміне Президент Әкімшілігінің өкілдері, әкімдік қызметкерлері, азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдардың, ҚР МАМ «Қоғамдық келісім» РММ, ҚР МАМ «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС сарапшылары, журналистер және т.б. қатысты.
Қазақ және орыс тілдеріндегі барлық материалдарды сілтеме бойынша жүктеуге болады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда «Үйде Сөйле» қазақ тілінің тағы бір сөйлесу клубы ашылды
-
«Этносаралық қатынастарда жанжалдар туындауының проблемалық мәселелері және олардың алдын алу» тақырыбында көшпелі отырыс өтті
-
Астана қ. Достық үйінде ҚХА «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Алматы облысында «Этносаралық қатынастарды реттеу кезіндегі медиацияны жүргізу негізі» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті
-
Этносаралық тұтастықты сақтау – зор маңызға ие
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті
17 Шілде, 11:27
Ақмола облысы «Таза Қазақстан» акциясының аясында сенбілік өткізді
17 Шілде, 11:32
Ақмолада Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық кеш өтті
17 Шілде, 11:09
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫМЕН
17 Шілде, 17:23
Ұлытау облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесі мүшелерінің кезекті қоғамдық қабылдау өтті
17 Шілде, 11:36
Теміртау қ. «Qarmet» АҚ ғимаратында орналасқан этномәдени бірлестіктердің Ашық есік күні өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда «Үйде Сөйле» қазақ тілінің тағы бір сөйлесу клубы ашылды
-
«Этносаралық қатынастарда жанжалдар туындауының проблемалық мәселелері және олардың алдын алу» тақырыбында көшпелі отырыс өтті
-
Астана қ. Достық үйінде ҚХА «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Алматы облысында «Этносаралық қатынастарды реттеу кезіндегі медиацияны жүргізу негізі» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті
-
Этносаралық тұтастықты сақтау – зор маңызға ие
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті