Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Маусым, 2022

308

Әйгілі Марат Бисенғалиевпен достық шығармашылық кездесуі өтті

Бүгін, 7 маусым күні республикалық Достық үйінде «әлемге әйгілі адамдармен кездесу» ұранымен Марат Бисенғалиевпен достық шығармашылық кездесуі өтті.

Марат Бисенғалиев – белгілі қазақстандық скрипкашы-виртуоз, дирижер, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Бирмингем консерваториясының профессоры.

2013 жылы Марат Алматы қаласының симфониялық оркестрі британдық композитор Карлос Дженкенс жасаған «Абай» және «Шәкәрім» тақырыптарына сюиталарды Лондондағы атақты «Angel» дыбыс жазу студиясында жазды. Британдық телеарналардың бірі бұл оқиға туралы біраз уақыттан кейін деректі фильм шығарады. Соынмен қатар, Нұр-Сұлтан қаласындағы «EXPO — 2017» көрмесінде Марат Бисенғалиевтың жетекшілігімен «дыбыс энергиясы» симфониялық оркестрінің бірегей концерті өтті.

Достық шығармашылық кездесудің модераторы «Филия» Қазақстанның грек қоғамдары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Георгий Иорданиди болды.

Іс-шараға ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Ассамблея жастары, шығармашылық оқу орындарының оқытушылары және қала жастары қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар әйгілі скрипкашының өнерімен танысып, сұхбаттасу мүмкіндігін иеленді.


Кейін қарай